Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-2 C
Nur-Sultan
4 C
Almaty
12.3 C
Shymkent

«Бейбіт тұрғындарды қудалауды тоқтатыңыздар»: Жаңаөзенде жұмысшылар Тоқаевқа үндеу жолдады

Танымал

Ел аузында

Жаңаөзендегі «Кезби» ЖШС жұмысшылары Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жолдап, бейбіт тұрғындарды қудалауды тоқтатуды талап етті. Бұлай болмаған жағдайға жұмысшылар жаңа митинг ұйымдастыратынын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Кәсіпорын жұмысшылар талаптары орындалмаған жағдайда ҚР Конституциясына сәйкес бейбіт шеруге шығатындарын мәлімдеді. Сонымен қатар Президенттің әр жолдауын мұқият тыңдайтындарын айтты.

«Қудалау тоқтатылмаса, ҚР заңнамасына сәйкес бейбіт шеруге шығатынымызды қаперіңізге саламыз. Жолдауыңыздың бірінде тәртіп бұзбай бейбіт түрде наразылық акциясына шыққан азаматтарға алғысыңызды айта отырып, рақымшылықпен қарауға тапсырма бердіңіз», – деді жұмысшылар өз бейнеүндеуінде. 

Олардың сөзінше, күштік құрылымдар Президент тапсырмасын асыра пайдаланған. 

«Күштік құрылымдар қарапайым азаматтарды үйлерінен алып кетіп, әртүрлі әрекеттермен жасамаған қылмыстарын мойындатуға ниетті екенін әлеуметтік желіден көрдік. Сондықтан күштік құрылымдардың жала жауып, қысым жасауын тоқтатуды талап етеміз», – дейді олар. 

Сөз соңында кәсіпорын жұмысшылары халықтың террорист емес екенін айтты. 

Айта кетейік, бұған дейін полицейлерге қатысты азаптау және лауазымын асыра пайдалану бойынша 16 іс қозғалғаны туралы хабарлаған едік. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Қазақстанда баланың тегіне анасының есімін жаздыруға бола ма?

Биыл көрші Қырғызстанда баланың аты-жөнінде әкесінің аты орнына анасының атын жазуға рұқсат заңдастырылып, содан кейін оның күші жойылды. Бұл...