Тараз қаласы аумағынан 52 қару табылды

Танымал

Ел аузында

Тәркіленген қару-жараққа қатысты арнайы сот-баллистикалық сараптама тағайындалды.

Тараз қаласының полицейлері қару-жарақ пен оқ-дәрі іздестіру жұмысын жалғастырып жатыр. Бұл туралы қалалық полиция басқармасы мәлім етті6 деп жазады Азаттық рухы. 

Қала аумағында өткізіліп жатқан «Құқықтық тәртіп» республикалық жедел профилактикалық іс-шарасы барысында бүкіл көпқабатты үйлер, саяжайлар, гараж кооперативтері, саябақтар мен скверлер жіті тексерілуде. 19 қаңтар күні заңсыз сақталған қару-жарақ пен оқ-дәріні іздеу кезінде қала аумағынан 52 қару табылды.

Оның ішінде атыс қаруына жататын 1 «Калашников» маркалы автоматы, 4 «аңшы мылтығы», 11 «Макаров» маркалы тапаншасы, 7 сүңгі пышақ және тағы басқа пневматикалық, травматикалық қарулар анықталып, тәркіленді.

 Тәркіленген қару-жараққа қатысты арнайы сот-баллистикалық сараптама тағайындалды.

 Тараз қалалық полиция басқармасы қарудың, оқ-дәрілердің, арнайы құралдардың орны туралы хабарлаған немесе оларды полицияға өз еркімен тапсырған адам қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылмайтынын еске салады. Аноним болып қалатынына кепілдік беріледі.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Вкус Вьетнама в Алматы: гастрономическая неделя в Vista превратила город в Юго-Восточную Азию

В ресторане Vista Restaurant отеля The Ritz-Carlton, Almaty проходит редкое для города событие — гастрономическая неделя «Очарование Вьетнама», где...