Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

15 C
Nur-Sultan
16 C
Almaty
21.3 C
Shymkent

Қысқы Олимпиададан жүлде алған спортшыларға Қазақстан қанша сыйақы береді

Танымал

Ел аузында

 Мәдениет және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев Бейжіңде өтетін XXIV Қысқы Олимпиада мен Паралимпиадада жүлде алған спортшыларға қанша сыйақы берілетінін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Жүлделі орын алған олимпиадашылар мен паралимпиадашылар (1-6 орын) ақшалай сыйақы алады. Заңда қарастырылғандай, жеңіп алған медальдарға қарай пәтер де бөлінеді. Бірінші орын үшін – 250 мың доллар, одан кейін – 150 мың және 75 мың доллар сыйақы бекітілген. Медаль жеңіп алған жағдайда, бұл қаражат ҚР Мемлекеттік резервінен төленеді», – деді Серік Жарасбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Брифинг барысында вице-министр паралимпиада ойындарында дайындық туралы айтып берді.

«Паралимпиадашыларға олимпиадашылар сияқты бірдей көңіл бөлу керек. Олимпиадашыларды шығарып салу кезінде Президенттің қабылдауында екі паралимпиадашы болды. Паралимпиада ойындарында спортшыларымыз бірнеше есе аз – оған 4 адам ғана қатысады,оның екеуі шаңғы спортында және екеуі биатлонда. Дайындық қызу жүріп жатыр. 5-25 ақпанда спортшылар оқу-жаттығу жиынына – «Алатау» шаңғы-биатлон кешеніне барады. Паралимпиада комитетімен барлық мәселелер пысықталды. Олардың саны әлдеқайда аз болғандықтан, бар мәселе жылдам шешіледі. Біз оларға сәттілік тілейміз», – деді Жарасбаев.

Айта кетсек, XXIV қысқы Олимпиада ойындары ақпанның 4-і мен 20-ы аралығында Яньцин, Чжанцзякоу және аспан асты елінің астанасы – Бейжің қаласында өтеді. Оған әлемнің 95 елінен 4000-нан астам спортшы қатысады.

Биылғы Бейжің Олимипидасына 34 қазақстандық спортшы аттанады. Оларда спорттың 8 санаты (биатлон, шаңғымен жарыс, шаңғымен трамплиннен секіру, шаңғы қоссайысы, фристайл(могул, акробатика), таушаңғысы спорты, шорт-трек, конькимен жүгіру спорты) бойынша 87 лицензия бар.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Оқу орындары мен көшелерде интернет алаяқтарының алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Жетісай ауданындағы Ғ.Мұратбаев атындағы гуманитарлық-техникалық колледжде студенттер мен ұстаздарға интернет алаяқтарынан сақтану жолдары жөнінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты...