Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-0 C
Nur-Sultan
3 C
Almaty
5.3 C
Shymkent

«1 кезек 150 мың теңге тұрады деген»: Балғынбек Имашевтың қоры халықты алдап соққан ба?

Танымал

Ел аузында

Айтыскер ақын Балғынбек Имашевтың қорының басы бәлеге қалды. 1 кезек 150 мың тұрады деген әйелдер бұл қордан алданып қалғанын айтып шағымдануда.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы «Ол Кім? Бұл не?» Facebook парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Алты баласының анасы 325 теңге беріп, алданып қалғанын айтты.

«2021-дің тамыз айында бұл кісі парақшасында мен осында қор ашып жатырмын. Кооператив немесе қор сондай бірдеңесі бар. Кезекке тұрыңдар, мұқтаж 300 адамға үй алып береміз осы қор арқылы бұл не қор, не кооператив өздері де дұрыс түсіндірмейді. Қаласаңыздар, кезекке тұрыңыздар. 1 кезек 150 мың теңге тұрады деді. Сол кезде алтыншы балама аяғым ауыр болып, пособие түскен кезде бірден соны салып тастадым. Квитнация барлығы бар, 205-ші болып кезекке тұрдым. Ол кісінің аузында Алласы бар, бетінде сақалы бар дұрыс адам болған соң осылай сеніп, мен ол кісіге сеніп отырдым», – деді келіншек.

Видеода сөйлеп тұрғандардың бірі бұл келіншек сияқты 300-дей адам салғанын айтты.
 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматинской области врачи из Турции провели мастер-класс

В Алматинской региональной многопрофильной клинике прошел мастер-класс, во время которого была проведена совместная операция с профессором, врачом онкомаммологом из...