Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

3 C
Nur-Sultan
11 C
Almaty
13.3 C
Shymkent

Сонда балаларды алалап тұрған Үкімет кінәлі ме?

Танымал

Ел аузында

Арнұрдың апайы:”Арнұр, сен көп балалы отбасынансың. Ата-анаң құжат өткізсін, тегін тамақ беріледі” депті. Оны естіп келген Арекең құлақты жеді. Құжат өткізіңізші деп. Мемлекет беріп тұрса, өткізсем өткізейін деп , апайы берген сала-құлаш құжатты жинап өткіздік. Өткізген соң оның бір жауабы болады екен. Ұзын сөздің қысқасы, “сіздерге отказ келді.

Зарплаталарыңыз көп” деп Арекеңнің апайы қоңырау шалды. Шынымды айтайын, дым қиналған жоқпыз. Күлдік те қойдық. Балам өтінішін жерге тастамайын деген ниетпен өткізгенбіз. Құжаттардың өтпей, тегін тамақ ішу бақыты бұйырмағанына Арнұр қатты ренжіді. “Түууу, ыстық тамақ ішер едім ғой мен де” деп. Диас екеуміз шегіміз қатып күліп қоямыз. Өйткені оның алдында сол құжатты балабақшаға тапсырғанда да , отказ келген. Екі балаға балабақша төлемақысын төлеуге 100% мүмкіндігіңіз бар деген ол жерде де. Сонда “көп балалы” деген статустың еш жерде жеңілдігі болмаса, не қажеті бар деп бір-бірімізге сұрақты қойдық та жауабын таба алмадық. Қош, содан кейін әлгі мектептегі әңгіме қайта басталды. Арекеңнің көңілін бірден басып тастамайын, ынталанып көрейік деп , құжат өткізіп жүрген түріміз ғой. Арнұр бала емес пе, оған қызық боп тұр ғой қазір. “Басқалар ішеді, мен неге ішпеймін?” деп ренжіген ұлымның көңілін аулағым келді.

Содан мен не істедім?! – Арнұр, ол ыстық тамақ папа мамасы жұмыс істемейтін, немесе зарплатасы тым төмен отбасылардың балаларына арналған. Ал сен папаң бастық, зарплатасы миллион, сол үшін сен миллионердің баласы болып саналасың. Сондықтан ренжіме,- дедім. – Ааа, түсіндім мама. Мама, мен бұрын папаны 500-600 мың алатын шығар деп ойлап жүрсем, миллион алады екен гой … деп риза боп кетті. Баламысың деген осы шығар….5-сынып оқушысына енді басқаша қалай түсіндірем?! Сыныбында оқитын көп балалы отбасының балаларымен бірге тегін тамақ ішуге Арнұр ғана бармайды. Сонда балаларды алалап тұрған үкімет кінәлі ме, әлде тым әсірелеп жіберіп баласының көңілін аулаған ана кінәлі ме?! Әлде “миллион” алатын әкесі кінәлі ме ? Өскенде осы әңгімені айтсақ, Арекең анық күлетініне сенімдімін.

Фейсбуктегі парақшасынан

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістан облысының тұрғындары полицияға 180 бірліктен астам тіркелмеген қаруды өз еркімен тапсырды

Атыс қаруын қолдану арқылы жасалған қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу аясында Түркістан облысында тұрғындардан тіркелмеген қаруды сатып алу...