Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-0 C
Nur-Sultan
3 C
Almaty
5.3 C
Shymkent

ҚАЗАҚСТАН БАЙЛЫҒЫНЫҢ ЖАРТЫСЫН ИЕМДЕНГЕН 162 АДАМ КІМДЕР?

Танымал

Ел аузында

21 қаңтарда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев отандық бизнес өкілдерімен кездесіп, аз ғана элиталық топтар ықпалының артуы және халықтың басым бөлігінің табысының азаюы қауіпсіздікке айтарлықтай қатер төндіріп отырғаны жайлы айтты.

Тоқаевтың сөзін цитатамен келтірсек:

«Ұлттық табыстың әділ бөлінуі бойынша  теңгерімсіздік пен проблеманың бар екені айдан анық. Халықаралық сарапшылар (KPMG, 2019 жыл) Қазақстан байлығының жартысы 162 адамның ғана қолында екенін растап отыр. Осы ретте халықтың жартысының айлық табысы 50 мың теңгеден аспайды. Бұл – жылына 1300 доллардан сәл ғана асады деген сөз. Мұндай ақшамен өмір сүру мүмкін емес. Бұлай жіктелу мен теңсіздіктің қауіпті екенін айтқан болатынмын. Жағдайды дереу өзгерту керек».

Тоқаев айтқан 162 адам кімдер?

ҚР Президенті айтқан 162 адам туралы статистика бұрыннан айтылған. Нақтыласақ бұл туралы 2019 жылы айтылып, Қазақстандағы ең бай адамдардың қанша табыс табатындығы жарияланды. Оқырмандарға түсінікті болу үшін мәліметтерді келтіре кетсек.

«Альпари» агенттігінің зерттеуі бойынша, Қазақстанда:

  1. 326 322 адам (2,7 пайыз) жылына 10-100 мың доллар аралығында табыс табады.
  2. 42 301 адам (0,35 пайыз) жылына 100 мыңнан 1 миллион долларға дейін пайда табады.
  3. 5838 адам (0,35 пайыз) жылына 1-500 миллион доллар алады
  4. 162 адам (0,001 пайыз) Қазақстан байлығының 55 пайызын иемденіп отыр. Оның ішінде 112 адам бір жылда 50-80 миллион доллар табыс табады.
  5. 45 адамның пайдасы –80 -800 миллион доллар аралығында.
  6. 5 адам – 2 – 3 миллиард доллар байлыққа ие.

Ал әлемдік Forbes журналы 2021 жылғы әлемдегі ең бай адамдардың тізіміне Қазақстаннан жеті адам кірген. Олар  Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы Динара мен күйеу баласы Тимур Құлыбаев, KAZ minerals металлургия гигантының иесі Владимир Ким, Forte bank және басқа да көптеген бизнес құрылымдарға иелік ететін Болат Өтемұратов, Kaspi bank-ті басқаратын Вячеслав Ким мен Михаил Ломтадзе және Freedom Holding брокерлік компаниясының иесі Тимур Турлов.

Ал orda.kz сайты Президентпен кездесуге шақырылған бизнес элитаның тізімін жариялады. Біздің пікірімізше бұл тізімнің арасында Тоқаев айтқан 162 адамның кейбірінің бары екені тұспалданады.

  1. Ельдар Абдразаков, Centras Group холдингінің иесі,
    АО «Қазақстан қор биржасы» АҚ (KASE), «ForteBank» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі;
  2. Бахаридин Аблазимов, «Ушкую» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі;
  3. Данияр Абулгазин, «Petrosun» ЖШС, «Sinooil» ЖШС, Viled Group компанияларының үлескері;
  4. Болатбек Алиев, Dala Fruit компаниялар тобының иесі;
  5. Бақытбек Байсеитов, «Банк ЦентрКредит» АҚ директорлар кеңесінің және бақылау кеңесінің төрағасы;
  6. Арманжан Байтасов, Tan Media Group директорлар кеңесінің төрағасы;
  7. Ерік Балапанов, «Лондон – Алматы» сақтандыру компаниясы» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы;
  8. Ғабиден Балғынбеков, «Асыл логистикс» ЖШС басшысы;
  9. Ерлик Балфанбаев, Alina Group тобының президенті;
  10. Райымбек Баталов, Raimbek Group холдингінің директорлар кеңесінің төрағасы;
  11. Александр Белович, Bazis-A корпорациясы директорлар кеңесінің төрағасы;
  12. Қайрат Боранбаев, «Алмалы» холдингінің президенті, Қазақстандағы McDonald’s иесі;
  13. Александр Гарбер, «Прима Дистрибьюшн» ЖШС мажоритарлық иесі;
  14. Владимир Джуманбаев, «АК Алтыналмас» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы, «Казахмыс Холдинг» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі;
  15. Куанышбек Есекеев, «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы;
  16. Ғалымжан Есенов, «KNG Finance» ЖШС бақылау кеңесінің төрағасы;
  17. Сержан Жумашев, Capital Partners девелоперлік компанияның мажориттарлы иесі;
  18. Геннадий Зенченко, КТ «Зенченко и К» директоры;
  19. Шухрат Ибрагимов, «Еуразия қаржы компаниясы» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі;
  20. Динмухамет Идрисов, председатель наблюдательного совета ТОО «Қазақстандық коммунальдық жүйе» ЖШС бақылау кеңесінің төрағасы;
  21. Бауыржан Исабаев, BI Construction, BI Road Construction бақылау кеңесінің төрағасы, BI Group директорлар кеңесінің мүшесі;
  22. Кайрат Итемгенов, «Ак-Ниет» ЖШС бақылау кеңесінің төрағасы;
  23. Сергей Кан, «ЦАТЭК» АҚ,  «ЦАЭК» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі;
  24. Берик Каниев, Lancaster Group Kazakhstan директорлар кеңесінің төрағасы;
  25. Нурлан Каныбеков, «Petro Asia» АҚ, «Sky Logistics Service» ЖШС, ОО «Нимэкс-Транс» ҚБ, КТ «Алем-Капитал» үлесі бар;
  26. Айдан Карибжанов, «Visor Holding» ЖШС және ТОО «Visor Kazakhstan» ЖШС мажоритарлық иесі
  27. Владимир Ким, KAZ Minerals президенті және атқарушы емес директоры;
  28. Владислав Ким, KAZ Minerals PLС миноритарлық акционері;
  29. Вячеслав Ким, «Kaspi.kz» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы;
  30. Эдуард Ким, «Technodom Оperator» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы;
  31. Александр Клебанов, «ЦАТЭК» АҚ және «ЦАЭК» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы;
  32. Сайдулла Кожабаев, Alageum Group бақылау кеңесінің төрағасы;
  33. Канат Копбаев, Kusto Group PTE Ltd директорлар кеңесінің мүшесі;
  34. Александр Косицын, «Галицкое» ЖШС директоры;
  35. Алмас Кұдайберген, Centrasia Group басқарма төрағасы;
  36. Закиржан Кузиев, «Жаркентский Крахмалопаточный завод» ЖШС құрылтайшысы;
  37. Андрей Лаврентьев, «Группа Компаний «Аллюр» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы және акционері;
  38. Михаил Ломтадзе, член совета директоров и председатель правления АО «Kaspi.kz» АҚ басқарма төрағасы және директорлар кеңесінің мүшесі;
  39. Кайрат Мажибаев, Resmi Group директорлар кеңесінің төрағасы;
  40. Александр Машкевич, Eurasian Resources Group тау-кен өндіру компаниясының иелерінің бірі;
  41. Ерлан Мукашев, Eurasia RED девелоперлік компаниясының иесі;
  42. Рамиль Мухоряпов, Chocofamily Holding иесі;
  43. Алмас Мынбаев, Nomad Life және  Nomad Insurance сақтандыру компанияларының директорлар кеңесінің төрағасы;
  44. Ерлан Нигматулин, «Сарыарка Нан Караганды» ЖШС, «Балхаш Нан» ЖШС, «Пульс» ЖШС компанияларының құрылтайшысы;
  45. Олег Новачук, KAZ Minerals Ltd директорлар кеңесінің төрағасы, Nova Resources B.V. басқарма төрағасы;
  46. Даулет Нұржанов, Kusto Group басқарма мүшесі, Kusto Agro бас директоры;
  47. Эдуард Ногай, «Kazakhmys Copper АҚ директорлар кеңесінің төрағасы, «Корпорация Казахмыс» ЖШС басқарма төрағасы;
  48. Азамат Османов, «Magnum Cash&Carry» ЖСШ басқарма төрағасы;
  49. Бауржан Оспанов, ИПК Zhersu бақылау кеңесінің төрағасы;
  50. Юрий Пак, Ersai Caspian Contractor директорлар кеңесінің төрағасы;
  51. Никола Попович, «Kazzinc Holdings» ЖШС директорлар кеңесінің төрағасы;
  52. Кенес Ракишев, Fincraft Group президенті;
  53. Айдын Рахимбаев, BI Group холдингі директорлар кеңесінің төрағасы;
  54. Исламбек Салжанов, «Алтын Қыран компаниялар тобының құрылтайшысы;
  55. Марат Сарсенов, «Исткомтранс» ЖШС директорлар кеңесінің төрағасы;
  56. Иван Сауэр, «Родина» АФ ЖШС бас директоры;
  57. Серикжан Сейтжанов, «Онтустик» ФТПК, «Саутс Ойл» ЖШС, «Talap Investment Company» ЖШС төрағасы;
  58. Нурлан Смагулов, «Астана Групп» холдингінің президенті;
  59. Диас Сулейменов, «Қамқор Менеджмент» көп салалық тобының бас директоры;
  60. Ерлан Сулейменов, «Олимп» клиникалық-диагностикалық лабораторияның құрылтайшысы және бас директоры;
  61. Алмас Султангазин, Sulpak, Alser компанияларының және  дистрибьюторлы электронка «ST Networks» ЖШС мажоритарлы үлесі;
  62. Еркін Тәтишев, Kusto Group директорлар кеңесінің төрағасы;
  63. Сергей Терещенко, ТОО «Международный фонд «Интеграция» халықаралық қоры ЖШС басқарма төрағасы;
  64. Серик Тульбасов, TS Development компаниялар тобының директорлар кеңесінің төрағасы;
  65. Тимур Турлов, «Фридом Финанс» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы;
  66. Болат Өтемұратов, Global Development үлесі, «ForteBank» АҚ, «КаР-Тел» ЖШС, «Sky Mobile» және RG Gold ӨБҰ иесі;
  67. Айдарбек Ходжаназаров, «Олжа Агро» ЖШС бас директоры;
  68. Яков Цхай, «Компания «Достар» ЖШС президенті;
  69. Ерлан Баймуратов, «Баян Сулу» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы;
  70. Анатолий Побияхо, Line Group негізін қалаушы және негізгі акционері;
  71. Батырбек Уалиев, генеральный директор «Агрофирма ТNK» бас директоры;
  72. Үміт Шаяхметова, «Қазақстан халық банкі» АҚ басқарма төрағасы;
  73. Абылай Мырзахметов, «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы;
  74. Алмасадам Саткалиев, «Самрұқ-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының басқарма төрағасы;  
  75. Айдар Әріпханов, «Бәйтерек» басқарушы компаниясы» АҚ басқарма төрағасы

Бұл тізімде Қазақстандағы ең бай адамдардың бірі экс-президенттің күйеу баласы, жақында қызметінен кеткен Тимур Құлыбаев болмаса да, оның аталған жиынға қатысқаны туралы желіде айтылып, суреті  де жарияланды. Әзірге Қазақстандағы Президент айтқан 162 адамның толық тізімі жоқ, ол туралы Тоқаев та атын айтып, түсін түстемеді. Тұспалмен  162 адамға тізімдегі кейбірі кіруі әбден мүмкін…

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістан облысының полицейлері жүйелі жұмыс атқару нәтижесінде екі тәулік ішінде мал ұрлығына байланысты 6 қылмысты ашты

Жедел уәкілдер мал ұрлаушылардың бір қылмыстық тобын, мал ұрлығымен айналысқан 5 күдіктіні ұстады. Жәбірленушілерге келтірілген шығын көлемі шамамен 20...