Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-21 C
Nur-Sultan
-11.1 C
Almaty
-10.7 C
Shymkent

Гүлзира Айдарбекова болашақ келінін таныстырды

Танымал

Ел аузында

Гүлзира Айдарбекова үшінші рет келін түсірмек. Танымал продюсер болашақ келінін көпшілікке көрсетіп таныстырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Заңғар Нұртастың сүйіктісінің есімі Жібек. Айдарбекованың айтуынша, Ұлы жүздің қызы. Екі жас 9 жыл қыз-жігіт болып кездескен. Жуырда Гүлзира және Нұртас Айдарбековтер болашақ құдаларымен кездесіп, «тәтті шай» рәсімін өткізген.

«Сіздерден сүйінші сұрағалы отырмын. Нұртас әулетіне тағы бір келін қосылмақ, есімі Жібек. Ол сүйіншіме, менің кішкентай жүрегім Заңғар баламызға бақыт тілеп қойсаңыздар болғаны. Жібектің ата-анасына мейрамханада дастархан жайып, алдарынан өтіп, той мәселесі жайында келісім жасадық. Қарапайымдылықтары, мінездері өзіміз күткендей болып шықты. Ең бастысы, келінді Алла адалынан жазсын!» – деп қуанышты хабарды жеткізді Гүлзира Үсенқызы. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

«Dauletten» қоры 74-баспананың кілтін төртбалалы анаға сыйлады

«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, «Dauletten» қайырымдылық қоры жүрегі таза, мейірімді азаматтардың қолдауымен тағы бір отбасыға бақыт сыйлап, баспананың...