Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-5 C
Nur-Sultan
-1.1 C
Almaty
5.3 C
Shymkent

Біздің басымыз уайымға, өзгенің өміріне, шатасқан ойларға толы – Динара Сәтжан

Танымал

Ел аузында

Динара Сәтжан адамның ойы мен оны жүзеге асыру жолдары туралы айтты. Ал ойды жүзеге асыру үшін жұмыс істеу керек дейді тележүргізуші. 

“Біз өз ойларымызды шындыққа айналдыра аламыз, басымыздағы өзгерістер шын болған оқиға секілді. Көпшілігіміз біреудің инстаграмына, біреудің жеке өміріне бас қатырып жатамыз. Оның ішіндегі шынайысын айыру өте қиын.  Өзіңізді сырттан қараңыз. Өзіңізді осы оқиғаның ішінде көріңіз. Мақсатыңызға қарай басқан әрбір қадамыңызды елестетіп көріңіз. Ең кішкентай бөлшектерді көру маңызды. Оның ішінде сіз еңсеретін кедергілер”, – деп жазды.

Динара Сәтжан неврология ілімінің кейбір деректерін мысал етті. Ми мен адамның қиялын не байланыстыратынын түсіндірді. 

“Неврологияда мойындалған Хеббиана теориясына сәйкес, бірге жұмыс істейтін нейрондар бір-бірімен байланысады. Болашақты елестету арқылы сіз миыңызда басқаша ойлауға және әрекет етуге көмектесетін жаңа нейрондық байланыстарды жасайсыз. Ми арманның орындалуымен өмір сүреді және нейротрансмиттерлер – химиялық заттар, олардың көмегімен ми денеге бұйрық береді және сіздің арманыңызға назар аударады. Құдай біздің өтінішімізді тыңдайды. Бірақ сіз тілегіңізді айта алуыңыз керек”, – деді ол.

Желі қолданушылары өз ойын жазды. 

“Біз, адамдар салыстырумен өмір сүреміз. Бізге ыңғайлылық емес, өзгенің ойы маңызды”, “Маған жақсы ой келді”, “Егер өзіңіз өзгеру үшін, ойыңызды өзгерту керек”, “Мимен жұмыс істеу керек”, “Ешнәрсе түсінбедім, неврология дегенді түсінбеймін”, – деп жазды олар.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

ПРОБАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕГІ 400 АЗАМАТҚА АРНАЛҒАН ФОРУМ: «ӨТКЕННЕН САБАҚ, БОЛАШАҚҚА ҚАДАМ»

Түркістанда полиция мен прокуратураның ұйымдастыруымен «Өткеннен сабақ, болашаққа қадам» атты форумы өтті. Тәртіп сақшыларының қызметтік жүйесі бойынша пробациялық есепте тұрған...