Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-6 C
Nur-Sultan
-2.1 C
Almaty
2.3 C
Shymkent

Қазақстанда жанармайды шетелге шығаруды шектеу мерзімі ұзартылмақ

Қазақстанда жанармайды шетелге шығаруды шектеу мерзімі ұзартылмақ.

Танымал

Ел аузында

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлады.

Жанармайды шетелге шығаруды шектеу мерзімі ұзартылуы мүмкін. Өйткені мұнай өнімдерін шекардан шығарған жағдайда бағаны ұстап қалу амалын энергетика министрлігі әлі таба қоймапты.

Энергетика министрлігіндегілер жанармай құнын көтеруге тыйым салынған үш ай ішінде оң шешімін табуға тиіс. «Әйтеуір қол қусырып отырған жоқпыз» деген Болат Ақшолақов  жасалып жатқан амалдарға тоқталды. Ең алдымен үш мұнай өңдеу зауытының ішіндегі ең ірісі – Шымкент зауытын кезең-кезеңімен кеңейтіп, өнім көлемін арттырады. Сондай-ақ енді бұдан былай бір жылда бір ғана мұнай өңдеу зауыты жөнделеді. Өйткені жанармай құнынының аспандап кетуіне бірден-бір себеп осы. 

Энергетика министрінің басын мәселелерінің бірі – делдалдар. Сондықтан олар электронды сауда-саттыққа қатысу үшін арнайы талаптар енгізуді жоспарлап отыр. Яғни енді тек сақтау қоймасы, сату нүктелері барларға рұқсат беріледі.   

«Мұнай өңдеу саласында  не қуаты жоқ, не газ тарату станциясы жоқ делдалдар бар. Біз оларды бұл саладан алшақтатамыз. Газ өндірумен айналысатындарды және өнімді жанармай құю бекеттері арқылы сататындарды ғана қалдырамыз», – дейді энергетика министрі Болат Ақшолақов.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

ПРОБАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕГІ 400 АЗАМАТҚА АРНАЛҒАН ФОРУМ: «ӨТКЕННЕН САБАҚ, БОЛАШАҚҚА ҚАДАМ»

Түркістанда полиция мен прокуратураның ұйымдастыруымен «Өткеннен сабақ, болашаққа қадам» атты форумы өтті. Тәртіп сақшыларының қызметтік жүйесі бойынша пробациялық есепте тұрған...