Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

25 C
Nur-Sultan
34 C
Almaty
36.3 C
Shymkent

«Дикий Арманның» тергеу изоляторында өзін-өзі өлтірмек болғаны рас па?

Танымал

Ел аузында

Оны ҰҚК-нің тергеу изоляторына ауыстырып жіберудің бір себебі осы жайт болса керек.

ІІМ-нің тергеу изоляторында отырған «Жабайы Арман» өзіне қол жұмсап өлмек болған. Бұл туралы журналист Ораз Әлімбеков өзінің facebook парақшасында жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы.

Журналистің айтуынша, Арман қатты қысымға шыдамаған.

«Жабайы Арман» «тамырын кескен». Неге?

ІІМ-нің тергеу изоляторында «Жабайы Арман» өзіне қол жұмсап өлмек болған, ол «тамырын кескен» деген ақпарат бар. Оны ҰҚК-нің тергеу изоляторына ауыстырып жіберудің бір себебі осы жайт болса керек.

Кейбір мәлімет бойынша, қатты қысымға шыдамаған «Жабайы Арман» қылмыс әлемінің серкесі «Леха Маймышқа» «жала жауып», «Қанды қаңтар» оқиғасында «соның нұсқауымен ойран салғанын» айтыпты. «Жабайы Арманның» дәл осындай куәлік бергені және оның сотқа жетпей өзіне қол жұмсап өліп кеткеніне көп адам мүдделі. Тіпті оны қорғауға алған ақысы қымбат үш адвокат та, полицияда «ертегінің» осылай аяқталғанын қалайтын сияқты.

«Жабайы Арман» да өлуге бейіл. Себебі, «Маймышқа» жала жапқан соң, оны қандай түрмеге тығып қойса да, «Жабайы Арманды» қылмыс әлеміндегі бұрынғы авторитетінен жұрдай қылып, әбден қорлап өлтіреді. Қылмыс әлемінің пәтуасы қандай болатыны қазірдің өзінде белгілі.

«Жабайы Арманның» тірі куә болып қала беруіне бір ғана адам мүдделі. Ол – Путин. «Жабайы Арманның» «бозғұрттармен» (Сұр қасқырлар) және сәләфилермен байланысы көзге ұрып тұр. «Жабайы Арман» осы жағдайды нақтылап, тәптіштеп куәлік беруі тиіс. Бұл компроматты Путин Қазақстандағы абициясы асып тасып тұрған бір кланға және Ердоғанға қарсы пайдалану үшін сақтап қояды.

Суретте: «Бозғұрттардың» белгісін қолымен көрсеткен «Жабайы Арман» оғыздар авторитет санайтын қылмыс әлемінің серкесі «Гулиді» құшақтап тұр. Екеуі де Е.Ердоғанды «Президентім» деп санайды», – деп жазған өзінің facebook парақшасында.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Талгарской районной больнице открылся Ситуационно-аналитический центр

В Талгарской центральной районной больнице по инициативе руководителя управления здравоохранения Алматинской области Алмата Турысбекулы, а также при содействии и...