Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-4 C
Nur-Sultan
-0.1 C
Almaty
9.3 C
Shymkent

Балаларды ұшақта тегін алып жүру үшін нені білу керек?

Танымал

Ел аузында

Мәдениет және спорт министрлігінде атап өткендей, субсидиялау отбасылық авиатасымалдауды қолжетімді етеді, ішкі туризмді дамыту үшін қосымша ынталандыру болады.

«Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында кәмелетке толмаған жолаушыларды әуемен тасымалдау кезінде туристік өнімге қосылған билет құнын субсидиялау қағидалары әзірленіп, бекітілді. Қағидалар осы жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданылады, деп хабарлайды Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.

Мәдениет және спорт министрлігінде атап өткендей, субсидиялау отбасылық авиатасымалдауды қолжетімді етеді, ішкі туризмді дамыту үшін қосымша ынталандыру болады.  

Аталған шара:  

1) ерікті;  

2) Қазақстан Республикасының азаматы немесе Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсаты бар, азаматтығы жоқ тұлға саналатын 17 жасты қоса алғанға дейінгі кәмелетке толмаған жолаушыға қолжетімді;  

3) кәмелетке толмаған жолаушының ата-анасымен немесе жақын туысымен ұшуы кезінде қолданылады;  

4) Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына қолданылады;  

5) ішкі туризм саласындағы туроператорға өткізілген туристік өнімге енгізілген балалар авиабилеттерінің құнын төлеу арқылы жүзеге асырылады.  

Балалар авиабилеттерін субсидиялау операторы- Kazakh Tourism ҰК АҚ.   Балалардың авиамен тегін ұшуы үшін туристер туристік өнімді сатып алу мақсатында ішкі туризм саласындағы туроператорға жүгінуі және Қазақстан Республикасының барлық аумағында жоспарланған демалыс жасауы қажет.   Тегін авиатасымалдау ішкі туризм саласындағы туроператордың қаражаты есебінен жүргізіледі.   Туристік өнімді өткізгеннен кейін, балалар авибилеттеріне жұмсалған соманы қайтару үшін ішкі туризм саласындағы туроператор Kazakh Tourism ҰК АҚ-ға өтініммен және қажетті құжаттармен жүгінеді.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

ПРОБАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕГІ 400 АЗАМАТҚА АРНАЛҒАН ФОРУМ: «ӨТКЕННЕН САБАҚ, БОЛАШАҚҚА ҚАДАМ»

Түркістанда полиция мен прокуратураның ұйымдастыруымен «Өткеннен сабақ, болашаққа қадам» атты форумы өтті. Тәртіп сақшыларының қызметтік жүйесі бойынша пробациялық есепте тұрған...