Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

8 C
Nur-Sultan
13 C
Almaty
17.3 C
Shymkent

Коронавирус қартаюға қалай әсер етеді?

COVID-19 адамның биологиялық жасын өзгертуі мүмкін.

Танымал

Ел аузында

Бұл туралы молекулярлық биолог, Ломоносов атындағы ММУ ғылыми қызметкері Максим Скулачев Sputnik радиосына берген сұхбатында айтты, – деп хабарлайды РИА Новости.

Коронавирус инфекциясынан екпе жасамаған адамдар ауру жұқтырған жағдайда адам ағзасын он күннің ішінде «қартайтып» жіберетін негатив факторларға әсер етуі мүмкін.  

«Егер вакцина салдырмаған болсаңыз және COVID-19 жұқтырсаңыз денсаулығыңызда келесі он жылда пайда болуы керек әсерлер он күннің ішінде пайда болады. Яғни бұл тез қартаюға ұқсайды», – дейді Скулачев.   

Биологтың сөзінше, егде жастағы адамдар арасында COVID-19 өлімі жоғары болуы осы себеппен түсіндіріледі.

Алайда, қартаюдың әдеттегі процесінен айырмашылығы – коронавирустың салдары қайтымды болуы мүмкін. Ол өз көзқарасын коронавирустан кейінгі синдромның емделуін еске салып дәлелдеді.

«COVID-19 адамдардың қартаюын жеделдетуі мүмкін деп айтуға болады, бірақ оның кері әрекеті болады. Мысалы ковидтен кейінгі синдром қарттықтың күтпеген жерден келуіне ұқсас, бірақ одан айығу мүмкін емес. Коронавирус және ковидтен кейінгі кезеңде адамның жағдайы нашар болады, артынша қалыпты биологиялық жасына орала бастайды», – дейді ғалым. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Илийском районе специалисты высокого класса провели прием населения

В Илийской центральной районной больнице, по инициативе руководителя управления здравоохранения Алматинской области Алмата Тұрысбекұлы, организован прием для населения опытными...