Елімізде газ бағасы 2024 жылға дейін өзгермейді – үкімет басшысы

Танымал

Ел аузында

Қазақстанда шикі және тауарлық газ бағасы 2024 жылға дейін өзгермейді. Бұл туралы премьер-министр Әлихан Смайылов мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Шикі және тауарлық газ бағасы 2024 жылдың 1 қаңтарына дейін өткен жылдың желтоқсанындағы деңгейінде белгіленеді», – деді Смайылов үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Сонымен қатар, айтуынша, ішкі нарық қосымша 150 мың тонна сұйылтылған мұнай газымен қамтамасыз етіледі.

Бұдан бұрын үкімет басшысы автокөлік пен ауыл шаруашылығы техникасынан алынатын утилизациялық алым ставкасын әжептәуір төмендету көзделіп отырғанын айтқан болатын. 

Cондай-ақ Қазақстанда жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасына 100 миллиардтан астам теңге бөлінетінін мәлімдеген. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Ясауитану ғылымындағы тарихи жаңалық: Ресейден бұрын белгісіз қолжазба анықталды

«Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығы Ясауитану ғылыми орталығы ғалымдарының Ресей Федерациясындағы ғылыми іссапары Қожа Ахмет Ясауи мұрасын зерттеу бағытындағы...