Үкіметтік арнайы комиссияны тағы да Маңғыстау облысына жіберу керек – Президент

Танымал

Ел аузында

Президент өз сөзінде туындаған проблеманы бір ғана әкімдіктің мойнына жүктеп қоюға болмайтынын жеткізді.

Шеруге шыққан азаматтардың проблемаларын шешу үшін Үкімет пен «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қоры бірлесіп жұмыс істеуі тиіс. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Президент өз сөзінде туындаған проблеманы бір ғана әкімдіктің мойнына жүктеп қоюға болмайтынын жеткізді.

«Кәсіподақ жетекшілерімен және жұмысшылары шеруге шығып жатқан компания иелерімен сындарлы диолог орнату қажет. Қабылданған шешімнің бәрін қарапайым жұмысшыларға дұрыстап түсіндіру керек. Проблемамен айналысуды әкімдікке ғана жүктеп қоюға болмайды. Оларды қолдап, туындаған мәселені бірлесе қараған жөн. Наразылық білдірген азаматтардың проблемаларын шешу үшін Үкімет пен «Самұрық-Қазына» тығыз жұмыс істеуі тиіс. Қажет болса Үкіметтік арнайы комиссияны тағы да Маңғыстау облысына жіберу керек», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

HONOR одним из первых получил доступ к Android 17 Beta 3 для разработчиков

Международная технологическая компания HONOR объявила, что флагманский смартфон HONOR Magic8 Pro вошел в число первых устройств в индустрии, поддерживающих...