Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-20 C
Nur-Sultan
4 C
Almaty
5.3 C
Shymkent

Бейжің Олимпиадасы: 8 ақпанда кімдер жарысқа шығады?

Танымал

Ел аузында

Бүгін, 8 ақпанда Бейжіңдегі Олимпиада ойындарында Қазақстанның тоғыз спортшысы жарыс жолына шығады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Шаңғышылар еркін стильдегі жекелей спринтке қатысады. Әйелдер арасында Надежда Степашкина, Ксения Шалыгина, Ангелина Шурыга, Ирина Быкова сынға түседі. Qazaqstan телеарнасы жарысты тікелей эфирде сағат 13:50-де көрсетеді.

Ал қазақстандық екі биатлоншы Александр Мухин мен Владислав Киреев жекелей жарысқа қатысады. Биатлон сағат 14:20-ға жоспарланған. Тікелей эфир «Хабар» арнасында.

Сағат 14:50-де ерлер арасында спринттен іріктеу басталады. Оған Қазақстан атынан Евгений Величко мен Виталий Пухкало қатысады. Qazsport арнасында тікелей эфир.

Сағат 16:25-те конькиден жарыс басталады. Ерлер арасында Дмитрий Морозов 1500 метр қашыққа финалда өнер көрсетеді.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Цифровой прорыв в госуслугах: за год казахстанцы оформили около 15 млн услуг через зоны самообслуживания

По итогам 2025 года жители Казахстана всё активнее пользуются возможностью самостоятельно получать государственные услуги в цифровом формате, сообщили в...