Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-12 C
Nur-Sultan
-6.1 C
Almaty
1.3 C
Shymkent

Қазақстанда шекарадан өтуге қойылған шектеулер алынып тасталды

Танымал

Ел аузында

ВАК отырысында қазақстандық және шетелдік азаматтардың Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын кесіп өту тәртібін жеңілдету мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Нәтижесінде, ведомствоаралық комиссия уақытша шектеулерді алып тастау туралы шешім қабылдады:

– Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасының халықаралық әуежайлары арқылы шет мемлекеттерге шығуына;

– визалық талаптар сақталған жағдайда шетелдіктерге визасыз режимі бар елдерден, сондай-ақ тікелей әуе қатынасы бар елдерден (тұрақты, тұрақты емес чартерлік рейстер) Қазақстан Республикасының аумағына/аумағы арқылы кіруге/транзиттік өтуге.

Сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтары үшін автоөтпе жолдары арқылы шет мемлекеттерге шығу үшін шектеу мерзімі екі есе азайтылды, енді қазақстандықтар 15 тәулікте 1 рет шыға алады.

Елге кіру кезіндегі жалғыз талап – шетелден келгендердің барлығы вакцинациядан өтуіне қарамастан 72 сағат ішінде жарамды коронавирустың теріс ПТР тесті туралы анықтаманы ұсынуы керек. Еріп жүретін адамдарда теріс тест туралы құжат болған кезде 5 жасқа дейінгі балалардан анықтама талап етілмейді.

«Бұл шаралар экономикалық қызметті жандандыруға, отандық туристік бизнесті дамытуға және елдің инвестициялық ахуалын жақсартуға бағытталған. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 21 қаңтарда бизнес өкілдерімен кездесу барысында Үкіметке коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу бойынша карантиндік шараларды қолдану тәсілдерін қайта қарауды тапсырған болатын», – делінген ВАК мәліметінде.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Ораза-2024. Сәресін таң атқаннан кейін ішіп қойса, үкімі қалай болады?

Сәресін таң атқаннан кейін ішіп қойса, үкімі қалай болады? Бұл сұрақтың жауабы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының әлеуметтік желідегі парақшасында...