Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

5 C
Nur-Sultan
10 C
Almaty
10.3 C
Shymkent

«Қазақстан халқына» қоры алаяқтар туралы ескертті

Танымал

Ел аузында

Алаяқтар қайырымдылық ұйымдарының бірыңғай тізілімін пайдаланып, қазақстандықтарға несие рәсімдемек болған. Бүгінде 400-ден астам өтініш түсті. Бұл туралы «Қазақстан халқына» қорының баспасөз қызметі хабарлады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қор мәліметінше, тек демалыс күндері ғана «Атамекен» ҰКП байланыс орталығына осындай шағыммен 250 адам жүгінсе, дүйсенбі, 7 ақпанда осы тектес тағы 186 қоңырау түскен.

Баспасөз қызметі мәліметінше, Шымкент қаласының тұрғыны көмек алуға өтінім толтырғаннан кейін экранда несие сәтті өңделгені туралы ақпарат шыққанын, одан әрі ақшалай несиені алу туралы ұсыныспен бейне қоңырау түскенін айтқан.

«Мұндай оқиға Өскеменде де болды. Ол жерде қала тұрғынына жалған электрондық үкімет порталынан СМС-хабарлама келген. Содан кейін алаяқ телефон арқылы 1 166 000 теңге көмек қаражатын жіберу үшін SMS-кодты сұраған», – деді баспасөз қызметіндегілер.

Қордың баспасөз қызметі қазақстандықтарға тек ресми ақпаратқа ғана сену керек екенін ескертті.

«Қор мессенджерлер арқылы бейне немесе аудио қоңыраулар жасамайды. Жалғыз байланыс – qazaqstanhalqyna.kz сайты және қайырымдылық ұйымдарының бірыңғай тізілімі. Біз азаматтарды қауесеттерге сенбеуге және алаяқ ұйымдардың арандатуына түсіп қалмауға шақырамыз. Тек ресми ақпаратқа сеніңіз», – деді «Қазақстан халқына» қорының ресми өкілі Әлібек Әбділов.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Адамды адам еткен – кітап, адамзат еткен – кітапхана

Жиырма бірінші ғасыр технологияның нағыз дамыған кезеңі. Еңбектеген баладан еңкейген қартқа дейін гаджетті қалай қолдану керек екенін жатқа біледі....