Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-13 C
Nur-Sultan
-3.1 C
Almaty
5.3 C
Shymkent

Солтүстік Қазақстан облысында көмір үшін талас тағы басталды

Солтүстік Қазақстан облысында көмір үшін талас басталды. Өйткені халықтың бұған дейін алған отыны таусылып, енді бір қап көмір таппай сенделіп жүр.

Танымал

Ел аузында

Петропавлдағы көмір сататын орынның алдына бүгін де таңертеңнен жүзден астам жүк көлігі жиналған. Кесек отынды алу үшін бірі таң атпастан келсе, кейбірі көмір бекетінің алдында түнеген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның «Информбюро» бағдарламасына сілтеме жасап. 

Жүк көліктері «Шұбаркөл» көмірін сататын теміржол тұйығында жиналған. Қалай да көмір алып қайтуды көздеген жұрт таңғы бестен кезекте тұр. Кейбірі бір күн бұрын келіп, көмір бекеті қақпасының жанында қонып шыққан. Алайда келген отын барлығына жетпеуі мүмкін. Бұлай болған жағдайда көбі көмірсіз қайтады. Тұрғындардың айтуынша, алты ай қыс болып, жеті ай пеш жағатын солтүстікте халықтың тең жартысы көмірге зар болып отыр. 

«Жеті вагон неменеге жетеді? Ана жартысы қазір бос кетеді. Оның үстіне бір жарым апта көмір болмады. Қаражыра да дәл солай», – дейді Жақсылық есімді Петропавл қаласының тұрғыны.

Тұрғындар бар-жоғы екі сағатта көмірдің жартысын алып кеткен. Қалған екі вагон отын көпшілігіне жетпейді.

«Жетпегендері кейбіреулері қаппен келіп алып жатыр. Көбінің көмірі біткен. Жетпей жатыр бәріне. Бір қыста 2-3 рет көмір алады. Бес тонна жетпейді, амалсыз тағы көмірге келеді», – деп қосты Петропавл қаласының тұрғыны Тайжан Жақыпов. 

Таң сәріден жиналған жүргізушілер кезек үшін тіпті қызылкеңірдек болады. Өйткені көбі үйінде пешке жағатын бір түйір көмір жоқ дейді. Ал көмір сататын орынның өкілдері тапшылық вагондардың бір аптаға кешігіп келгендігінен туындағанын айтады.

«Осындай қарбалас бірінші жыл болып жатыр. Аудандарда көмір болмағаннан кейін қалада осындай эағдай орын алғанға ұқсайды. Қарбалас бітпей жатыр», – деп мәлімдеді көмір сататын орынның өкілі Мұратан Тұрмұхамбет. 

Ал әкімдіктегілер мұны «Шұбаркөл» көміріне сұраныстың екі есе көбейгендігімен байланыстырады. 

«Өңірде өндіріс орындары көбейіп жатыр. Оның үстіне Шұбаркөл көмірі жылуды жақсы ұстайды деп көпшілігі осы көмірді таңдайды. Сол себепті тапшылық болуы мүмкін», – дейді СҚО Энергетика және ТҮКШ басқармасының басшысы Бахыт Ілиясов.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістанда «Заң және Тәртіп – қауіпсіз қоғамның кепілдігі» атты форум өткізілуде.

Мемлекет басшысы құқық қорғау және бейінді мемлекеттік органдардың алдына азаматтардың жан – жақты қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін қойды. Біздің...