Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-10 C
Nur-Sultan
-1.1 C
Almaty
7.3 C
Shymkent

Жамбыл облысының полиция департаментіне жаңа басшы тағайындалды

Танымал

Ел аузында

Жамбыл облысы Полиция департаментінің басшысы болып Арманбек Баймурзин тағайындалды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

«Қазақстан Президенті Әкімшілігінің келісімімен ішкі істер министрінің бұйрығы бойынша Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы болып Баймурзин Арманбек Хакимбекұлы тағайындалды», – делінген хабарламада.

Жаңа ПД бастығын жеке құрамға ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев таныстырды.

Арманбек Хакимбекұлы Баймурзин 1974 жылы дүниеге келген, ішкі істер органдарында 1992 жылдан бастап қызмет атқарады.

2004-2012 жылдары ҚР ІІМ Криминалдық полиция комитетінің басқарушылық лауазымдарында қызмет етті.

Әр жылдары Жамбыл облысы Ішкі істер департаменті бастығының бірінші орынбасары, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Криминалдық полиция департаментінің бастығы, 2019 жылдың қазанынан бастап осы уақытқа дейін Ақмола облысы Полиция департаментінің бастығы қызметтерін атқарды.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Ғасырлар қойнауынан оралған Хикметтер

Түркістандағы «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығының Ясауитану ғылыми орталығы «Хикметтердің» көне қолжазба нұсқасына қол жеткізді. Жергілікті тұрғындардың көмегімен табылған...