Сәбит Әбдіхалықов жетінші перзентіне ерекше ат қойды

Танымал

Ел аузында

Актер, продюсер Сәбит Әбдіхалықов жетінші перзентіне қандай ат қойғанын жариялады. Ұлын Абадан деп атаған ол ерекше есімнің мағынасын түсіндірді, деп жазады Stan.kz тілшісі. 

«Қадірлі ағайын, бірнеше күннен бері менің қуанышымды бөлісіп, жақсылығыма ортақ болып жатқан достарыма, туған-туысқа, жалпы қазақ жұртына алғысымды білдіремін. Ұлымның есімін ақылдаса келе Абадан деп қойдық. Абадан есімінің мағынасы көкжалдардың үйірін бастайтын қолбасшы, ержүрек бөрі дегенді білдіреді. Атына заты сай азамат болсын. Қуанышты бөліссең, көбейеді. Әрбіріңізге осындай жақсылық жұғысты болсын», – деп бөлісті ол. 

Айта кетейік, бұл – Әбдіхалықовтың жетінші перзенті. Актердің Айгүл Иманбаевадан бір ұлы, Алтынай Жорабаевадан төрт қызы бар. Сондай-ақ үшінші некесінен екі атұстары өсіп келеді.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Президент кітап оқу мәдениетін дамыту жөніндегі Жарлыққа қол қойды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кітап оқуды насихаттау және зерделі ұлт қалыптастыруға бағытталған маңызды құжатқа қол қойды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев...