Алматы полициясы әнші Бауыржан Әшіғалиевке іздеу жариялады

Танымал

Ел аузында

Алматы полициясы бастығының орынбасары Рустам Абдрахманов музыкант Бауыржан Әшіғалиевке іздеу жарияланғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 106-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыс жасады деген күдікпен (денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) 1986 жылы 18 наурызда туған Әшіғалиев Бауыржан Жәнібекұлына іздеу жарияланды. Бұлтартпау шарасы: қамауға алу»,- деп жазды Рустам Абдрахманов.

Сондай-ақ ол Әшіғалиевке қатысты қандай да бір мәліметке ие азаматтардан +7 701 758 67 60+7 708 683 94 33 және 8 (727) 254 43 51 телефон нөмірлеріне хабарласуды сұрады.

Еске салсақ, 2019 жылы әншінің әйелі Ксения Әшіғалиева күйеуі оны өлтірмек болғанын айтқан болатын.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

B2B Way Club запускает онлайн и офлайн-встречи между казахстанским бизнесом и международными производителями

В рамках подготовки к международной выставке HomeTech & Electra 2026 проект B2B Way Clubразвивает несколько направлений работы, которые помогают казахстанскому бизнесу заранее...