Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

8 C
Nur-Sultan
13 C
Almaty
17.3 C
Shymkent

«Қазақстан халқына» қызметкерлері 587 мың теңге жалақы алады

Танымал

Ел аузында

«Қазақстан халқына» қорының төрағасы Болат Жәмішев Арманжан Байтасовқа берген сұхбатында қор қызметкерлерінің жалақысы туралы айтты, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Болат Жәмішевтің айтуынша, қамқоршылық кеңес тегін жұмыс істейді, ал атқарушы орган жалақы алады. «Қазақстан халқына» қоры қызметкерлерінің орташа жалақысы салық төлегенге дейін айына 587 мың теңгені құрайды.

«Біз демеушілердің бірінің жалақымызды жабуына қарсымыз. Десе де, тәуелсіз болу үшін еңбекақыны қор өзі төлеуі керек. Қамқоршылық кеңес қоғамдық негізде жұмыс істейді, бұл жерде бұл мәселе тіпті талқыланбайды. Мен басшы болып отырған атқарушы органның менен басқа қызметкерлері жалақы алады. Мен тегін жұмыс істеймін», – дейді ол.

Қорда 24 адам жұмыс істейді.

«Біреу үшін жарты миллион теңге жалақы жоғары болып көрінуі мүмкін. Жалақы мөлшері орталық атқарушы органдардағы әкімшілік және мемлекеттік қызметкерлер қанша алатынына қарай белгіленді. Біз барлық министрліктерге қарсы көшеде отырамыз. Егер жалақы мөлшері тіпті мемлекеттік органдардағы әкімшілік және мемлекеттік қызметкерлердің жалақысына сәйкес келмесе, онда жұмысқа адам жинау қиын болады. Сонымен қатар, мемлекеттік органдар қызметкерлеріне сыйақы төлейді, ал біздің бюджетте сыйақы қарастырылмаған. Ал біз тәжірибелі мамандарды алғымыз келеді», – деді Жәмішев.

Еске салайық, «Қазақстан халқына» қоры қаңтар оқиғасынан кейін құрылған болатын.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Илийском районе специалисты высокого класса провели прием населения

В Илийской центральной районной больнице, по инициативе руководителя управления здравоохранения Алматинской области Алмата Тұрысбекұлы, организован прием для населения опытными...