Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

14.1 C
Nur-Sultan
15.9 C
Almaty
23.9 C
Shymkent

Қаңтардағы тәртіпсіздіктерге қатысты істер қалай тергеледі?

Жақында мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің жедел кеңесін өткізді. Кеңес қатысушылары "қайғылы қаңтар" оқиғаларын тергеу барысын талқылады.

Танымал

Ел аузында

Адам құқықтарын сақтауға ерекше көңіл бөлінді. Ұсталғандардан 305 шағым түсті. Оның 62-сінде бұзушылықтар расталған жоқ.170-сі бойынша азаптаулар мен билікті асыра пайдалану бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Хабар 24 арнасына сілтеме беріп.

Ал қазір Қазақстанда «қайғылы қаңтардағы» оқиғаларға байланысты 3 мыңнан астам қылмыстық іс тергелуде. Оның 177-сі арнайы прокурорлардың басшылығымен ведомствоаралық тергеу топтары жүргізеді. Олар жаппай тәртіпсіздіктермен және терроризм актілерімен байланысты. Кінәлілерді іздеу жалғасуда.

“Егер әкімшілік жауапкершілік аясында ұсталсаңыз, қорғаушы шақыруыңыз керек. Егер өзіңізде қорғаушы болса, туыстарыңызға хабарласуыңыз керек. Қылмыстық іс жүргізу шеңберінде ұсталған кезде қандай себеппен ұсталғаныңыз, қандай бап бойынша күдіктенгені және сіздің күдіктеріңіздің мәні неде екендігі туралы түсініктеме талап етуіңізге болады”, – дейді адвокат Илья Лунев.

Маңызды әрекет – қорғаушыны шақыру. Прокурорлар адвокаттармен, құқық қорғаушылармен және адам құқықтары жөніндегі уәкілмен байланыста. Оларға ұстау жағдайларын тексеру үшін тергеу изоляторларына, УҰИ-ға және арнайы қабылдағыштарға рұқсат беріледі.

Ұсталғандардың азапталуы туралы әрбір хабарлама мұқият тексеріледі. Прокуратураға барлығы ұсталғандардан 305 шағымы келіп түсті, оның 62-сінде бұзушылық расталған жоқ. 170 факті бойынша азаптау және билікті асыра пайдалану бойынша қылмыстық іс қозғалды.

“Ұсталған адамның мүмкіндіктері шектеулі. Сондықтан кез келген жерге хабарласа алмауы мүмкін. Әрине, қорғаушы арқылы хабарласу мүмкіндігі бар, бірақ күдіктінің мүмкіндігі шектеулі. Психологиялық және физикалық қысымды дәлелдеу өте қиын болады. Сондықтан оған үлкен үміт артпаған дұрыс”, – деді адвокат.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы торжественно открыт молодежный лагерь «Jas Camp 2024»: новые возможности для будущих лидеров

9 сентября 2024 года, в честь празднования Дня города, прошло торжественное открытие молодежного лагеря «Jas Camp 2024». В этом году...