Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-8 C
Nur-Sultan
-1.1 C
Almaty
12.3 C
Shymkent

Дулыға Ақмолда: Қаңтар оқиғасы әлеуметтік жағдайдың кесірінен туып отыр

Танымал

Ел аузында

Көпке белгілі актер Дулыға Ақмолда қазіргі қоғам проблемасын айтты. Халықтың ашулы күйіне әлеуметтік жағдайдың әсері барын ашық айтады. Бұл туралы “Менің өмірім” бағдарламасында айтылды.

Дулыға Ақмолда қазіргі жастардың шетелге кетіп қайта оралғысы келмейтінін айтады. Оның өзіндік себебі бар. Ашынған халықты жай-күйіне халық емес, қоғам кінәлі деп санайды.

“Қазір көптеген жастарымыз шетелге кетіп жатыр. Бәрі шетелдгі мәдениетті көрген соң елге келгісі келмейді. Бізде ашулы қоғам. Көлікте бір-бірін балағаттаған ел. Сәл бірнәрсе болса, бәрі ұрысып шығады. Оған халық емес, қоғам кінәлі. Әлеуеттік жағдайды салдары. Таң атпай жұрт агрессивті күйде. Ал шетелде ондай емес. Соны көрген отандастарымыз еліне қайтқысы келмей қалады. Ол жақта демократияның дәмін сезеді”, – деді актер.

Айтуынша, рухани құлдыраудың себебі 30 жылда жиған жетістігіміз. 

“90-жылдары мен 2000 жылдардың аралығында рухани жағынан қатты төмендеп кеттік. Сол кезеңде біздің қоғамда үлкен шұңқыр пайда болды. Міне, сол шұңқырдың зардабын енді тартып келе жатырмыз. Бұл әлі алдымыздан шыға ма деп қорқамын. Біз өзіміз үшін қорықпаймыз. Біздің ұрпақ бәрін көрдік. Соғыстан басқасының бәрін көрдік, әйтеуір өттік, жетілдік. Болашақ үшін қорқамын. Осы бізді қатты мазалайды. Қаңтар оқиғасы 30 жылда жеткен жетістігіміздің көрінісі”, – деді Дулыға Ақмолда.

Теат әртісі бұдан бөлек жалақы мәселесін көтерді. 100 мың теңге үшін жұмыс істейтін жастардың жағдайына алаңдады. 

Желі қолданушылары халық жалақысы одан да төмен екенін айтып жанталасты. 

“100 мың алса жақсы екен, ауылда 10000 теңге алатын көп балалы отбасы туралы біреу білсе, біреу білмес”, “Өте дұрыс айтады әрең дегенде жеткізіп, қарызға алып, ешқайда бармайды ғой. Қайтсем жеткіземін деген ой. Осы Қазақстанның санаторияларына барып көрмегендер бар”, “60 мың алатындар өмірі қарызда жүреді”, “70 мың теңгемен күнін әрең көріп отырған жас отбасылар бар”, – деп жазды желі қолданушылары.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістанда «Заң және Тәртіп – қауіпсіз қоғамның кепілдігі» атты форум өткізілуде.

Мемлекет басшысы құқық қорғау және бейінді мемлекеттік органдардың алдына азаматтардың жан – жақты қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін қойды. Біздің...