Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-19 C
Nur-Sultan
3 C
Almaty
10.3 C
Shymkent

«Бейжің-2022»: Спортшыларымыздың медаль алмауының себебі белгілі болды

Танымал

Ел аузында

Бұл сұраққа Қазақстанның ұлттық олимпиада комитеті спорт дирекциясының директоры Елсияр Қанағатов жауап берді.

Бүгінде Қытайда қысқы ақ олимпиада өтіп жатыр. Өкінішке қарай, Қазақстанның қоржынында әзірге жүлде жоқ. Осы орайда Қазақстанның ұлттық олимпиада комитеті спорт дирекциясының директоры Елсияр Қанағатов айтулы жүлдеге қатысты мән-жайды түсіндіріп берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

«Әрине, спортшыларымызға патриоттық сезім туралы үнемі айтып отырамыз. Жалпы қысқы спорт түріне келсек, бізде 2 кешен бар. Бірі Алматыда, екіншісі Щучинскіде. Жалпы айтқанда, қысқы спорт түрі мен әр алаңның өзіндік қыр-сыры бар. Яғни спортшы сол жерге барып дайындалмаса болмайды. Демек отандық спортшылар шетелге жиі шығып, дайындалуы тиіс», – деді Елсияр Қанағатов Бейжіңнен тікелей эфирде өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, Бейжің олимпиадасынан кейін ұлттық құраманың өнер көрсетуіне қатысты қорытынды жасалады.

«Қысқы олимпиадаға 91 мемлекет қатысып отыр. Соның ішінде біздің мемлекет айтарлықтай нәтиже көрсетуде. Айтар болсақ, фристайлдан қыздарымыз қандай секірулер жасады. Оны өздеріңіз көрдіңіздер», – дейді ол.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Цифровой прорыв в госуслугах: за год казахстанцы оформили около 15 млн услуг через зоны самообслуживания

По итогам 2025 года жители Казахстана всё активнее пользуются возможностью самостоятельно получать государственные услуги в цифровом формате, сообщили в...