Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-7 C
Nur-Sultan
-4.1 C
Almaty
1.3 C
Shymkent

Энергетика министрлігі: Қазақстанда АЭС құрылысы туралы шешім 2022 жылы қабылданады

Танымал

Ел аузында

Қазақстанда Атом электр станциясын салу туралы шешім 2022 жылы қабылданады. Бұл туралы энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов мәлімдеді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Құрылыс мәселесі қарастырылып жатыр. Есептеулер көрсеткендей, Қазақстанда Экологиялық кодекске сәйкес жаңа генерация салу қажет. Көміртексіз генерация – оған атом да жатады. Сондықтан атом станциясын салу мәселесі қарастырылып жатыр. Бірақ орны, көлемі әлі анықталған жоқ. Шешім 2022 жылы белгілі болады деп ойлаймын», – деді Нұрмағанбетов Сенат отырысында журналистердің сауалдарына жауап беріп.

Оның айтуынша, қаралып жатқан орындарға Алматы облысындағы Үлкен елді мекені мен Шығыс Қазақстан облысындағы Курчатов қаласы, Қазақстанның батысындағы облыстар кіреді. Вице-министр елдің батысында бұрын атом электр станциясы жұмыс істегенін айтты.

Нұрмағанбетовке дамыған елдер, Германия керісінше, атом энергиясынан бас тартып жатқан кезде Қазақстан неліктен АЭС салуды жоспарлап отыр деген сұрақ қойылды.

«Иә, Германияның мысалы таңғалдырады. Бірақ көршілес Франция, керісінше, 20 жаңа реактор салу жұмыстарын күшейтті. Әр ел өзінше таңдайды. Финляндия, Беларусь, Швеция, Біріккен Араб Әмірліктері, Түркия – қазір әлемде 50 реактор салынып жатыр. Жасыл энергияға 100 пайыз көшу мүмкін емес. Әлемнің ешбір елінде мұндай жоқ. Мұның бәрін реттейтін технология жоқ. Жел, күн станцияларының өндірісі маусымға, тәулікке тәуелді. Әр сағатта не болатынын болжау мүмкін емес. Сондықтан тұрақты электр энергиясы болуы үшін өндіріс пен тұтынудың тепе-теңдігін қамтамасыз ету қажет. Сондықтан реттей алатын станция қажет», – деп түсіндірді вице-министр.

Көмір зауыттарынан бас тартумен байланысты тағы бір мәселе бар – әлемде зиян шығындыларға салынатын салықтың өсуі.

«Көміртегі салығы енгізіліп жатыр, яғни қазақстандық экспорттаушыларда проблема бар – металлургия, тіпті мұнай саласы да электр энергиясына сүйенеді. Барлық экспорт тауарларына салық салынады. Біз бұл тауарларды сата алмаймыз және жұмыспен қамтамасыз ете алмаймыз. Осы қағидаттарға сүйене отырып, мәселелер талқыланып жатыр», – деді Нұрмағамбетов.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістанда «Заң және Тәртіп – қауіпсіз қоғамның кепілдігі» атты форум өткізілуде.

Мемлекет басшысы құқық қорғау және бейінді мемлекеттік органдардың алдына азаматтардың жан – жақты қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін қойды. Біздің...