Енді мектептерде «Өзін-өзі тану» міндетті пән ретінде оқытылмайды

Танымал

Ел аузында

2022 жылдың қыркүйегінен бастап Қазақстан мектептерінде “Өзін-өзі тану” таңдау пәні ретінде оқытылмақ, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Білім және ғылым министрлігінің хабарлауынша, ведомствоға пәнді мектеп бағдарламасынан шығару туралы ұсыныстар келіп түсіп жатқан көрінеді. 

“Қазіргі уақытта ҚР БҒМ Ұлттық білім академиясы аталған міндетті пәнді мектептерде келесі оқу жылынан бастап факультативтік санатқа ауыстыру бойынша жоба енгізді. Яғни, қыркүйектен бастап «Өзін-өзі тану» пәнін бұрынғыдай 1-11 сыныптар емес, тек бір сыныпта ғана оқушылардың таңдауы бойынша оқыту жоспарланып жатыр”, – делінген хабарламада.

Пәнді факультативтік тізбеге ауыстыру бойынша жұмыс оқу бағдарламаларын жаңарту және білім алушылардың оқу жүктемесін азайту жөніндегі шаралар шеңберінде жүргізілетін болады. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Ясауитану ғылымындағы тарихи жаңалық: Ресейден бұрын белгісіз қолжазба анықталды

«Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығы Ясауитану ғылыми орталығы ғалымдарының Ресей Федерациясындағы ғылыми іссапары Қожа Ахмет Ясауи мұрасын зерттеу бағытындағы...