Өмірімнің сценарийін жас кезімде білдім – Алуа Қонарова

Танымал

Ел аузында

Танымал продюсер Алуа Қонарова көріпкелдік қасиеті жайлы айтты. Сөзінше, ол бұрындары біреудің тұрмысқа шығар сәті мен қайтыс болар уақытын дәл болжаған. Өз өмірінің де сценарийін білген, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Қызық жағдай, бірақ өмірімнің сценарийін жас кезімде білдім. Ол кезде әлі «30 жыл бары қандай жақсы» деп ойладым. Бұрын басқа адамдардың ауруын, өлімін, жүктілігі мен тұрмысқа шығуын дәл болжайтынмын. Жігіттермен (авт.»Ринго» тобы) «Жаңа толқынға» бара жатқан сәтте де оларға міндетті түрде Алла Борисовна мен көрермен көзайымы сыйлығын алатынымызды айтқан едім», – деп бөлісті Қонарова желідегі парақшасында. 

Алайда соңғы уақыттары бұл қасиеті жоғалған. 

«Оның бәрі бір жаққа жоқ болып кетті. Адамдарды көрмеймін, сезбеймін, оларға онша ашылғым жоқ. Бірақ өмірім өзім көргендей жүріп жатыр», – деді Қонарова. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Қысқа сөзге сыйған терең мағына: Нақыл сөздер жинағы жарық көрді

Жақында оқырман қауымға автор Динара Бердімұраттың нақыл сөздер жинағы жол тартты. Еңбек, адалдық, жауапкершілік және адамгершілік құндылықтарын арқау еткен...