Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

23 C
Nur-Sultan
31 C
Almaty
32.3 C
Shymkent

Түркістан облысында мемлекеттік бағдарлама бойынша салынған мектеп құлаудың алдында тұр

Танымал

Ел аузында

Түркістан облысы Майбұлақ ауылында мемлекеттік бағдарлама бойынша салынған мектеп бұзылудың алдында тұр. Білім беру мекемесінің едені мен қабырғалары жарылған. Ал қыста жылыту жүйесі дұрыс жұмыс істемейді екен, деп хабарлайды Хабар 24

Мектеп директорының сөзінше, күзде сыныптарды жаңбыр суы басып қалады екен, әрі қыста мекеме дұрыс жылынбайды дейді. Ал спорт залының еденінде тесіктер пайда болған. 

«Қыста балалар осы залда ойнауға мәжбүр. Дегенмен мұндай жағдайда сабақ өту қиын. Балалар шалынып, құлап жатады. Бірнеше рет аяқтарын да жарақаттап алған», – дейді дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Нұрмахан Байзалиев. 

Мекеме 12 жыл бұрын «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы бойынша салынған екен. Директор құрылыс жұмыстарының сапасыз жүргізілгенін айтады. Бұл сұрақ бірнеше рет көтерілген, бірақ мәселе мен қабырғадағы жарықтар одан сайын көбейе түсті дейді. 

«Осы мәселені айтып келе жатқанымызға12 жыл болды. Сыныптарда қыста жылы болған емес. Жаңбыр жауса немесе қар ерісе су басып қалады. Сондықтан 5-сынып оқушыларын басқа жаққа ауыстыруға мәжбүрміз. Әр терезе астында 24-25 жылыту радиаторы болу керек, ал бұл жерде тек 5 ғана. Әрине, жылынбайды», – деді Майбұлақ ауылдық орта мектебінің директоры Әшімхан Балабеков. 

Мектепте ауыз суда жоқ екен. Сондықтан әжетханалар да жұмыс істемейді. Бұған қарамастан аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінде қандай жөндеу жұмыстарын жүргізу керегі нақтыланбаған. 

«Қажеттіліктер бойынша жөндеу жұмыстары жүреді. Қазір жобалық-сметалық құжаттарды дайындаудамыз», – деді Байдібек аудадық адами әлеуетті дамыту бөлімінің бас маманы Мұқағали Садық. 

Облыстық басқармада жақында мамандар ғимараттың техникалық жағдайын анықтайтынын айтты. Жөндеу жұмыстары жоспарланған екен. Қазір мектепте 200-ден аса оқушы білім алады.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Талгарской районной больнице открылся Ситуационно-аналитический центр

В Талгарской центральной районной больнице по инициативе руководителя управления здравоохранения Алматинской области Алмата Турысбекулы, а также при содействии и...