Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-11 C
Nur-Sultan
-2.1 C
Almaty
6.3 C
Shymkent

Райымбек Баталов «Атамекен» ҰКП төралқа төрағасы болып сайланды

Танымал

Ел аузында

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының кезектен тыс IX съезінде төралқаның жаңа төрағасы сайланды. Ол Райымбек Баталов болды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Съезде төралқа төрағасын сайлау төңірегінде дау туды. ҰКП-ның бірқатар мүшесі президиум құрамын ғана емес, заңның кейбір нормаларын да өзгерту қажет екенін айтты.

Ұзаққа созылған даулардан кейін төраға міндетін атқарушы Райымбек Баталов біраз уақытқа төрағаны сайлап, ұлттық палатаны реформалаудан кейін осы мәселені қайта қарап, жаңа төралқа сайлауды ұсынды.

«Көп нәрсені өзгерту керек екені түсінікті. Спикерлер айтқандай, бұл бірнеше айға созылады. Оған келісемін. Біз қазір сайлайтын президиум және жаңа палатада жаңа жарғы, жаңа заңмен сайланатын төралқа – бұл басқа палата, өзара қарым-қатынас жүйесі болады. Мүмкін ол басқаша аталуы мүмкін», – деді Баталов дауыс беру алдында.

Бастамашы топ Баталовтың кандидатурасын ұсынды. Төралқа қолдады.

Палата мүшелерінің дауыс беруі нәтижесінде Баталов «Атамекен» ҰКП президиумының төрағасы болып сайланды. Оның кандидатурасына 248 адам дауыс берген.

Бұған дейін Райымбек Баталов палатаның кезектен тыс IX съезі барысында «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы президиумы төрағасының міндетін атқарушы болып сайланған болатын.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы продолжается проект «Социальная мастерская»

Волонтеры Алматы, в рамках социального проекта «Социальная мастерская», организовали уникальный и яркий поход на знаменитый каток Медеу для воспитанников...