Бұрынғы қорғаныс министрі Мұрат Бектанов уақытша ұстау изоляторына қамалды

Танымал

Ел аузында

Ақпаратты Бас прокуратураның баспасөз қызметі растады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«19 ақпанда Бас прокуратура бұрынғы қорғаныс министрі Мұрат Кәрібайұлы Бектановқа қатысты Қылмыстық кодекстің 452-бабы, қызметтегі әрекетсіздік дерегі бойынша соталды тергеуді бастады.

2022 жылдың 20 ақпанында осы қылмысты жасады деген күдікпен Бектанов ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», – делінген хабарламада.

Тергеу мүддесіне сәйкес өзге де ақпарат жария етуге жатпайды.

Айта кетейік, Президент 19 қаңтарда Бектановты сынға алып, қызметінен босатқан болатын. Тоқаевтың айтуынша, Мұрат Бектанов Қазақстандағы тәртіпсіздіктер кезеңінде командир ретінде қабілетін көрсете алмаған.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ АРТТЫРУ – БАСТЫ НАЗАРДА

Елiмiзде бiр емес бiрнеше несие алып, оны төлей алмай, қарызға белшесiнен батқан жандар аз емес. Ел азаматтарының шамадан тыс...