Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

1 C
Nur-Sultan
10 C
Almaty
13.3 C
Shymkent

«Есмағамбетованың пиджағы 900 мың теңге тұрады»: Шенеуніктер сән-салтанат үшін қалай жазаланады

Танымал

Ел аузында

Жақында мәжілісте министрлер, әкімдер мен олардың қол астындағылардың сән-салтанатқа толы өмірі талқыланды. Мемлекеттік қызметкерлердің негізсіз байығаны үшін жауапкершілік енгізу бастамасы ұсынылды. Енді шенеуніктер өз байлығының “көздері” туралы ақпарат беруге мәжбүр болады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствода шығыстарды кірістермен салыстырып тексереді. Егер айырмашылық 3 миллионнан асатын болса, онда ақшаның бір бөлігі мемлекет пайдасына кетеді. Алайда сарапшылардың бір сыпырасы бұл шаралар жеткіліксіз деп санап отыр. Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды. 

Экономистің сөзінше, шенеуніктер табысы көпке ашық түрде жариялануы, қолжетімді болуы тиіс. 

“Олар табыс туралы декларацияларын тапсырады, бірақ бұл декларациялар көпшілікке жарияланбайды. Сондықтан, бірінші кезекте, қоғамның ақпаратқа қол жеткізуінің жариялылығы туралы шешім қабылдау қажет, яғни журналистер, блогерлер, бұқаралық ақпарат құралдарының мемлекеттік қызметкерлер декларацияларына оңай қол жеткізуі тиіс. Қазір мұндай мүмкіндік жоқ”, – дейді экономист Рахым Ошақбаев.

Депутаттар бай мемлекеттік қызметкерлер қолданатын арнайы жүйе туралы айтуда. Негізінен олар өз жылжымайтын мүліктері мен автокөліктерді өз атына тіркемейді. Іс жүзінде олардың атында ешқандай мүлік болмағандай жүреді. Мұны кірістерді жалпыға бірдей декларациялау жүйесі түзете алады. Сонда барлық 19 миллион адамның меншігі және “әдемі өмірі” негізгі табысымен сәйкес келмейтіні белгілі болады.

Қазақстандықтар осы аптада еліміздің бас санитарлық дәрігерінің пиджагына назар аударған. Желідегі фотосуретке қарағанда, Айжан Есмағамбетова 900 мың теңге тұратын италиялық бренд стилін жөн көретін сияқты. 

Айжан Есмағамбетова видеодан скриншот

Сол сияқты Алматының жаңа әкімі Ерболат Досаев қаладағы мәселелерді италиялық дизайнерлер қолынан шыққан, құны 2 миллион теңге тұратын пальтосын киіп жүр. 

Ал цифрландыруға жауап беретін министр Бағдат Мусиннің Instagram-дағы суретінде оның жарты миллион теңге болатын британдық брендтің күртешесін кигені көрінеді, сондай-ақ құны Есмағамбетованың пиджагымен бірдей аяқ киім киіп тұрғанын көруге болады.

Алайда министрліктің баспасөз қызметі киімдерді Мусин коммерциялық қызметімен айналысқан кезде-ақ сатып алған деген болжам келтірді.

Осы сәрсенбіде Мәжілісте негізсіз байлыққа кенелу туралы заң жобасы талқыланды. Егер сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствода шенеуніктерге қатысты сұрақтар туындаса, мемлекеттік қызметкерлердің сән-салтанатқа деген сүйіспеншілігі олардың мансабына кері әсерін тигізуі мүмкін. Яғни шенеунік жұмыстан үш жылға босатылады. Дегенмен көпшілігі қиындықтан қалай құтылуға болатынын біледі. 

“Облыстық деңгейдегі ортанқол шенеунік 250 мың теңге жалақыға өмір сүреді. Бірақ сонымен бірге ол әжесінің атындағы керемет коттеджде тұрады, мүгедек ағасының атына жазылған «Лексуспен» марқайып жүреді. Сондықтан заңсыз алынған барлық кірістерді заңды негізде қудалауға, ашуға және жазалауға болады”, – дейді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Гүлнар Бижанова.

Декларацияда көрсетілген мемлекеттік қызметкерлердің шығыстары мен кірістерінің арасындағы айырмашылық 3 миллион теңгеден асып кетсе, оған назар аударылатын болады. Сонда айыппұл төлеуге тура келеді. Күдікті жолмен жиылған байлықтың 90%-ын талап ете алады.

Бірақ егер кірістер мен шығыстардың айырмашылығы жылдық жалақыдан көп болса, жұмыстан босату қауіпі төнеді.

“Егер сен адал күйеу, әке және т.б. болсаң, онда: «Тыңда, қымбаттым, біріншіден, сен маған зиян келтіресің, екіншіден, бұл өте нашар және мәдениетке жат деп айту керек”, – дейді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Айдос Сарым.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының бұрынғы басшысы Айбатыр Жұмағұлов жұбайына бір кездері осылай айта алмаған болуы керек.

Еске салсақ, 2020 жылдың шілдесінде, ел коронавируспен “алысып” жатқанда, Жұмағұловтың әйелі күйеуінен сыйлық ретінде 12-автокөлік алғанына мақтанған болатын. Бұл қоғамның сынына қалған әрекет болды. Содан кейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев қорды қарапайым шенеунік басқару керектігін айтты.

Бұл мемлекеттік VIP-тұлғалар иелік ететін заттардың аз ғана бөлігі. 25 жыл ішінде елден 160 миллиард доллар шығарылған. Мәселен, Ranking.kz деректері бойынша өткен жылдың тоғыз айында Кайманов пен Сейшел аралдарына 800 миллион доллардан астам қаржы кеткен. Дегенмен сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігінің басшысы кеткен қаражатты қалыпқа келтіретініне уәде берді.

“Шенеуніктің негізсіз байюы әкімшілік жазамен расталса, активтерді сұрату және алып қоюға негіз бар. Екінші жол – қылмыстық жаза. Мұнда бізде Құзыретті уәкілетті орган бар – бұл прокуратура. Өткен жылы бізге Қорғастағы іс бойынша активтерді қайтарғаны есімде. Швейцария Банкі қайтарған. Яғни прецеденттер бар”, –  дейді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Марат Ахметжанов.

Бұл шаралар жақсы, бірақ тиімді емес дейді сарапшылар. Алдымен мемлекеттік қызметкерлердің табысы туралы декларацияны жалпыға қолжетімді ету қажет.

“Тіпті Ресей Федерациясы сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік тұрғысынан жақсы көрсеткіштерге ие емес екенін білеміз, дегенмен олардың барлық декларациялары ашық. Шартты түрде, ресейліктер президент Владимир Путиннің, премьер-министр Мишустиннің және т.б. кірістерінің, мемлекеттік қызметшілердің және олармен үлестес тұлғалардың кірістерінің қайдан келетінін біледі. Осыдан кейін, тиісінше, заңсыз байыту үшін жауапкершілік туралы заң қажет болады”, – дейді Ошақбаев.

Табысты декларациялаудың бірінші кезеңі өткен жылы басталды. Оны жұбайларымен бірге жарты миллионға жуық мемлекеттік қызметкер өтті. Құжатта олар Қазақстаннан тыс жерлерде орналасқан жылжымайтын мүлік, шоттар, бағалы қағаздар туралы ақпаратты көрсетуі тиіс болатын. Елдегі шенеуніктер нені иеленсе, фискалдар білуі керек. Әзірге ешқандай декларация күдік тудырмады. Екінші кезек келгенде бәрі өзгеруі мүмкін.

“Шын мәнінде сізде бар нәрсені көрсетіңіз. Ештеңені жасырудың қажеті жоқ. Дәлірек айтқанда, керісінше, қанша бар, бәрін көрсету керек. Өйткені егер адам ақшаны жасырса, мәселен, 20 миллион теңгесі бар болып, оны кіріс декларациясында көрсетпейді делік, бірақ келесі жылы ол дәл осы 20 миллион теңгеге пәтер сатып алады, бірақ оның кірісі небары 5 миллион теңге. Демек мұнда заңды сұрақ туындайды: «15 миллион теңгені қайдан алды?» Сондықтан бұл ақшаны кіріс декларациясында жариялау өз мүддесі үшін қажет”, – дейді Нұрлан Төлегенов, ҚР ҚМ КХД жеке тұлғаларды жалпыға бірдей декларациялау және әкімшілендіру басқармасы басшысының орынбасары.

Бюджеттен миллиондаған қаражатты ұрлауға құлшыныс өзгермейді. Бірақ егер мемлекеттік қызметкерлер жалақысы көтерілсе, өзгерістер болуы мүмкін, деп есептейді экономист Рахым Ошақбаев. 

“Қалыптасқан кәсіби мамандар мемлекеттік басқаруға бармайды деген сөз бар. Неге? Себебі онда жалақы мөлшері өте аз. Ал жеке секторда одан бірнеше есе көп табуға болады. Жеке секторда жұмыс істеп жатқан мықты мамандарды білемін. Олар айына 3,4 миллион теңге табады, оларды мемлекеттік қызметке шақыра алмайсың. Олар жемқорлықпен айналысқысы келмейді. Оларға ұсынылатын 500-700 мың теңге, жеке секторда табуға болатын қаражаттан 10 есе аз. Сондықтан мемлекеттік басқарудың нашар көрінісі осыдан келіп туындайды”, – дейді экономист.

Алдағы бес жылда шенеуніктердің жалақысы көтерілмейді. Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік қызметкерлердің табысын арттыруға мораторий жариялады. Ал үш жылдан кейін жалпыға бірдей декларациялауға қатардағы қазақстандықтар да ілінеді. Сонда салық қызметкерлері мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметкерлерінде бірқатар сұрақтар туындауы мүмкін.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістан облысының тұрғындары полицияға 180 бірліктен астам тіркелмеген қаруды өз еркімен тапсырды

Атыс қаруын қолдану арқылы жасалған қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу аясында Түркістан облысында тұрғындардан тіркелмеген қаруды сатып алу...