Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Танымал

Ел аузында

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 22, 23 және 24 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Болжамға сәйкес, алдағы үш тәулікте Қазақстан аумағының оңтүстік жартысы ауқымды антициклон ықпалында болады. Антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

«Алайда елдің солтүстік жартысына фронталь бөліктер әсер етеді – қар жауады, боран соғады, жел 15-23 м/с дейін күшейеді, республика бойынша тұман және көктайғақ күтіледі. Еліміздің солтүстігі мен орталығында түнде 5-20 градус аяз, шығысында 10-29 градус аяз, оңтүстігінде 5 градус аяздан 5 градусқа дейін жылы, батысында 0-10 градус аяз болады», – делінген хабарламада.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Алматылық хирургтар екі кезеңнен тұратын күрделі ота жасап, үлкен псевдокистаны алып тастады

Науқас бұған дейін ұйқы безінің күрделі қабынуымен ауырып, салдарынан ағзасы зақымданған және кеуде қуысында сұйықтық жиналып, бүйрек қызметі бұзылған....