DiDi такси қызметі Қазақстан аумағында өз жұмысын тоқтататынын мәлімдеді. Компания өкілдерінің айтуынша, оған нарықтық жағдайлардың өзгеруі себеп болған, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Сервис жұмысы 4 наурыздан бастап Қазақстанда ғана емес, Ресейде де тоқтайды.
«Бүгін, Ресейде DiDi іске қосылған сәттен бастап бір жарым жыл және Қазақстанда іске қосылған сәттен бастап бір жылға жуық уақыт өткен соң, біз 2022 жылғы 4 наурызда осы нарықтардағы жұмысымызды тоқтатамыз. Біз әрқашан жоғары сапалы, бірақ, сонымен қатар, қала тұрғындарына қолжетімді технологиялық сервистерді, сондай-ақ, жүргізушілер мен серіктестер үшін өз саласындағы ең жақсы мүмкіндіктерді ұсына отырып, күнделікті өмірді жеңіл әрі ыңғайлы ету мақсатымыз деп білдік. Өкінішке қарай, нарықтық жағдайлардың өзгеруіне және басқа да қиындықтарға байланысты бүгінде біз Ресей мен Қазақстанда жақсы нәтиже көрсете алмайтынымыз белгілі болды», – деді компания өкілдері.