Жаңа рекорд: Доллар бағамы 495 теңгеге көтерілді

Танымал

Ел аузында

KASE сауда-саттығының қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 495 теңгеге жетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Дүйсенбіде Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттық Франкфурт аукционы әдісі бойынша кешіктіріліп өтті. Бұл шешім биржалық алыпсатарлықты азайтатыны хабарланды. 

Бүгін Ұлттық банк қор биржасымен бірлесіп, сағат 15:00-ге дейін биржалық валюталық сауда-саттықты тоқтатқан болатын.

Ведомство бұл шаралар уақытша екенін атап өтті.

Kurs.kz мәліметінше, 1 доллар 496-504 теңгенің көлемінде сатылып жатыр. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Орталық Азия аймағының интеграциясыз ынтымақтастық үлгісі

Орталық Азия 1991 жылы тәуелсіздік алғаннан бері өңірлік шоғырланудың ең серпінді кезеңін бастан кешірді. 2018-2025 жылдар аралығында мемлекет басшыларының...