Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

10 C
Nur-Sultan
18 C
Almaty
18.3 C
Shymkent

«Қазақстан халқына» қоры кімдерге көмек көрсетуден бас тартады?

"Қазақстан халқына" қорына қазірге дейін 30 мыңнан астам өтініш түскен.

Танымал

Ел аузында

Алайда оның басым бөлігі қор қаржы бөлетін бағыттарға сәйкес келмейді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы «Қазақстан халқына» қоры төрағасының орынбасары Ләззат Чинкисбаева айтты. 

«Барлық өтініш электронды портал арқылы түседі. Қазірге дейін 30 мыңнан астам өтініш түсті. Оның ішінде 70%-тен астамы қордың жарғылық міндеттеріне сәйкес келмейді. Біз тұрғын үй сатып алып бере алмаймыз. Сондай-ақ банктердегі несиелеріңізді жауып бере алмаймыз. Қалған өтініштер қор бекіткен жарғылық міндеттерге сәйкес келеді. Қиын жағдайда отырған отбасылар бар. Әрбірінің өтінішін мұқият қарап, жергілікті атқарушы органдармен жұмыс жасап жатырмыз», – дейді қор төрағасының орынбасары Ләззат Чинкисбаева. 

Айтуынша, қор көмек көрсететін бағытқа сәйкес келетін өтініштер жеке-жеке қаралады.

Сондай-ақ ол қордың қайырымдылық ұйымдарымен жұмыс істеп жатқанын, қайырымдылық ұйымдары арқылы өтініш берген адамның көмекке мұқтаж екенін растауға болатынын жеткізді. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Илийском районе специалисты высокого класса провели прием населения

В Илийской центральной районной больнице, по инициативе руководителя управления здравоохранения Алматинской области Алмата Тұрысбекұлы, организован прием для населения опытными...