Ресей президентінің Украинамен келісімге келу үшін қойып отырған талаптары қандай?

Танымал

Ел аузында

Ресей президенті Владимир Путин француз әріптесі Эммануэль Макронмен телефон арқылы сөйлесіп, Украина мен Ресей қандай жағдайда келісімге келетінін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Путин Украинадағы жағдайды реттеудің шарттарын атап өтті. Ол елді демилитаризациялауды және оны деназияландыруды, бейтарап мәртебе беруді және Қырымды Ресейдің бір бөлігі деп тануды талап етеді.

“Украинаны демилитаризациялау және деназияландыру, Украинаның бейтарап статусын сақтау және Киев Қырымды Ресейдікі деп мойындауы қажет”, – дейлінген шартта.

Бұған қоса, ол Украинадағы бейбіт тұрғындарды тірі қалқан ретінде пайдаланатын ұлтшыл әскерилердің қаупін атап өтті.

Қазір Беларусьте Ресей мен Украина делегациялары арасындағы келіссөздердің үшінші кезеңі өтіп жатыр. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

HONOR 600: фотоларға жан бітіретін және идеяңызды жалғастыратын смартфон

Ең сәтті кадрлар әдетте алдын ала жоспармен түсірілмейді: әдемі жарық бірнеше минут қана сақталады, кадрдағы күлкі бір сәтте жоғалады,...