Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-14 C
Nur-Sultan
-6.1 C
Almaty
0.3 C
Shymkent

Луина: Ресей менің екінші Отаным, бірақ дәл қазір Украина үшін қорқып отырмын

Танымал

Ел аузында

Әнші Луина Ресей мен Украина арасындағы қақтығысқа қатысты пікір білдірді. Ол Астрахань облысын (Ресей) екінші Отаны санайтынын, алайда қазіргі уақытта Украина үшін алаңдап отырғанын жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Әнші Instagram парақшасында Украинаға қатысты деректермен бөлісіп, ол жақтағы халыққа жанашырлық білдірді. Мұны көрген кей оқырмандар әншіні сынға алған. 

«Ресейге ешқандай қарсылығым жоқ. Тек адам ретінде Украинадағы жағдайдан шок болып отырмын. Мен бейбітшілікті қолдаймын.
Мен қалайша біреуге жақ немесе қарсы бола аламын. Бұл мәселеде ештеңе түсінбеймін. Бірақ көріп отырғаным жүрегімді қарс айырады. Мен үшін жақсы немесе жаман ұлт жоқ. Мен үшін адам ол адам. Барлығына шын жүректен тек жақсылық тілеймін», – деді әнші.

Сондай-ақ, Луина Ресейдің Астрахань облысын өзінің екінші Отаны санайтынын, ол жақта туыстары мен жақындары көп екенін айтты.

«Құдайға шүкір, ол жақта бәрі тыныш. Бірақ бүгін Украина қаза болып жатыр және ол үшін қатты қорқып отырмын», – деді ол. 

Өзге ұлтқа тұрмысқа шыққан Луина ұлының бойында орыстың да, украиннің де, қазақтың да қаны бар екенін ашып айтты. 

«Ұлымның тегінде қазақ, шешен мен еврейдің қаны бар. Одан бөлек, арғы жағында украиндік тамыры бар орыс. Бірдеңе түсіндірудің өзі ақымақтық шығар», – деді Луина.  

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістанда «Заң және Тәртіп – қауіпсіз қоғамның кепілдігі» атты форум өткізілуде.

Мемлекет басшысы құқық қорғау және бейінді мемлекеттік органдардың алдына азаматтардың жан – жақты қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін қойды. Біздің...