Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

3 C
Nur-Sultan
11 C
Almaty
13.3 C
Shymkent

«Nur Otan» партиясының атауын «Аманат» деп өзгерту ұсынылды

Танымал

Ел аузында

Мәжіліс төрағасы, палатадағы Nur Otan фракциясының жетекшісі Ерлан Қошанов «Nur Otan» партиясының атауын «Аманат» деп өзгертуді ұсынды. Бұл туралы партаяның кезектен тыс съезінде мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Партия атауын «Аманат» деген атауға лайық деген ойға келдік», деді мәжіліс спикері Ерлан Қошанов.

Nur Otan партиясының кезектен тыс XXII съезі онлайн форматта өтуде.

Іс-шара барысында партия жұмысын одан әрі жаңғырту бойынша басымдықтарды талқылау жоспарлануда.

Партия тарихы 

1998 жылғы 21 қазанда Қазақстан Республикасында «Президентке үміткер Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты қолдаудың қоғамдық штабы» қоғамдық қозғалысы тіркелді. Штаб сайлау науқаны кезінде саяси партиялар және қозғалыстармен бірге қызмет істеді. Тап сол кездері қоғамдық қозғалысты саяси партияға айналдыру туралы идея дүниеге келді.

1999 жылғы 19 қазанда жиналыс өтіп, «Қоғамдық штабты Республикалық «Отан» саяси партиясы» етіп өзгерту туралы шешім қабылданды.

1999 жылғы 12 ақпанда партия Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркеуден өтті. Міне осы күн Тәуелсіз Қазақстанның жаңа тарихындағы партия қызметінің өз жұмысын бастаған уақыты болып есептеледі.

Партия мұрағатында Республикалық «Отан» саяси партиясының мүшесі Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 1999 жылдың 22 ақпанымен белгіленген есеп кітапшасы мұқият сақтаулы.

1999 жылғы 1 наурызда партияның І құрылтай сьезі өтіп, онда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бірауыздан партия Төрағасы болып сайланып, Саяси кеңес, Орталық ревизия комиссиясының құрамы бекітіліп, партия Жарғысы қабылданды.

Сонымен бірге сьезд делегаттары маңыздылығы жағынан тарихи болып саналатын «Отан» республикалық саяси партиясының, Қазақстан халықтар бірлігі партиясы, Қазақстанның демократиялық партиясымен, Қазақстанның либералдық қозғалысы, «Қазақстан – 2030» қозғалысымен бірігуі туралы қарарды қабылдады.

2002 жылғы 9 қарашада Алматы қаласында «Отан» республикалық саяси партиясының кезектен тыс IV съезінде «Отан» РСП-на Қазақстанның халықтық-кооперативтік партиясы мен Республикалық еңбек саяси партиясының қосылуы туралы шешім қабылданды.

2006 жылғы 4 шілдеде Астанада Республикалық «Отан» саяси партиясының кезектен тыс IX- съезі өтіп, «Асар» партиясының, ал,

2006 жылғы 22 желтоқсанда өткен кезектен тыс Х-сьезде Азаматтық және Аграрлық партиялардың «Отан» РСП қатарына қосылуы туралы шешім қабылданды.

Партияның Х-съезінде көпшілік дауыспен Қазақстанның жетекші саяси күшін «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы етіп өзгерту туралы шешім қабылданды.

2008 жылғы 17 қаңтарда Елбасы – Партия Лидері Н.Ә.Назарбаевтың төрағалық етуімен «Нұр Отан» ХДП Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтіп, партияның халықтық платфомасын іске асырудың бағдарламасы қабылданды.

2008 жылғы 15 мамырда «Жас Отан» жастар қанатының І сьезі өтті.

2009 жылғы 9 қаңтарда Партия Орталық аппаратында Партиялық бақылау комитетінің бірінші ұйымдық отырысы өтті.

2013 жылғы 18 қазанда «Нұр Отан» Халықтық демократиялық партиясы «Нұр Отан» партиясы болып өзгертілді. Сол күні партияның жаңа Доктринасы қабылданды.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі сайлауы қарсаңында 2016 жылғы 29 қаңтарда өткен кезектен тыс XVII Съезінде «Нұр Отан» партиясының – «Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» сайлау алды бағдарламасы әзірленді және қабылданды.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістан облысының тұрғындары полицияға 180 бірліктен астам тіркелмеген қаруды өз еркімен тапсырды

Атыс қаруын қолдану арқылы жасалған қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу аясында Түркістан облысында тұрғындардан тіркелмеген қаруды сатып алу...