Дариға Назарбаеваның депутаттық өкілеттігі тоқтатылды

Танымал

Ел аузында

Мәжіліс депутаты Д. Назарбаева міндеттерін атқарудан өз еркімен босату туралы өтініш берген.

Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутат Дариға Назарбаеваның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Асылбек Смағұловтың айтуынша, Мәжіліс депутаты Д. Назарбаева міндеттерін атқарудан өз еркімен босату туралы өтініш берген.

«Осыған орай ҚР Орталық сайлау комиссиясы сіздердің назарларыңызға заңнамаға сәйкес, Парламент Мәжілісінің депутаты Дариға Назарбаеваның өтініш беруіне байланысты оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы мәселені шешу үшін ұсыным енгізіп отыр», – деді А. Смағұлов.

Палата депутаттары бұл ұсынымға қолдау білдірді.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

HONOR компаниясы Cannes Film Festival аясындағы China Night кешінде мобильді түсірілімнің жаңа мүмкіндіктерін таныстырды

ARRI компаниясымен стратегиялық техникалық серіктестік негізінде жасалған құрылғы 2026 жылдың үшінші тоқсанында ресми түрде таныстырылады HONOR компаниясы 79-шы Cannes Film...