Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-4 C
Nur-Sultan
-1.1 C
Almaty
6.3 C
Shymkent

Путин айналасы алты күнде 6 мыңға жуық сарбазынан айырылды

Танымал

Ел аузында

29 ұшақ, 29 тікұшақ, 198 танкі, 846 бронды машина, 305 автокөлік, 74 артиллерия қару, 1 “Бук” зенитті зымыран кешені, 77 артиллерия жүйесі, 24 зымыран кешені, 3 дрон, 2 кемесі, 7 әуе қорғанысы кешенінен айырылған.

Ресей алты күн ұрыста Украинаның 1325 әскери нысанын істен шығарды, деп хабарлады қорғаныс министрлігінің ресми өкілі Игорь Конашенков.

Шенеуніктің айтуынша, ресейлік жауынгерлер Украинаның 395 танкін және басқа да бронды техникасын, 59 зымыран кешенін және 179 артиллерия қаруы мен минометін жойды.

Украина қорғаныс министрлігінің 1 наурыздағы дерегі бойынша:
Ресейдің 29 ұшағы, 29 тікұшағы, 198 танкі, 846 бронды машинасы, 305 автокөлігі, 74 артиллерия қаруы, 1 “Бук” зенитті зымыран кешені, 77 артиллерия жүйесі, 24 зымыран кешені, 3 дроны, 2 кемесі, 7 әуе қорғанысы кешені жойылды.

Украина қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, алты күнде Ресейдің соғыста қаза тапқан, жараланған және тұтқынға түскен жауынгерлерінің саны 5710-ға жетті.
Ресей билігі сарбаздарының Украинада қаза тапқанын мойындағы, бірақ қанша жауынгер опат болғанын хабарламады.

dalanews.kz

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Алматы облысында алғаш рет шок-толқынды терапия әдісі қолданылды

Қарасай аудандық көпсалалы клиникалық ауруханасында инфаркт және инсульт ауруларының алдын алатын жаңа әдісті енгізді. Ауруханаға арнайы келген қытайлық дәрігерлер...