Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

9 C
Nur-Sultan
6 C
Almaty
11.3 C
Shymkent

ДҮНИЕ АНАЛАРМЕН КӨРІКТІ ҒОЙ…

Танымал

Ел аузында

Талдырқорған қаласы, М. Тынышпаев атындағы Алматы облыстық тарихи-өлкентану музейінде Қарасай ауданындағы Анаға құрмет музейінің 8-наурыз халықаралық әйелдер мерекесіне орай «ДҮНИЕ АНАЛАРМЕН КӨРІКТІ ҒОЙ…» атты мерекелік іс-шара өтті.

Анаға құрмет музейінің меңгерушісі Тойбай Аршагүл Серікқызы 8-наурыз халықаралық әйелдер мерекесіне орай «Даланың дана арулары» атты баяндамадан басталған мерекелік көрмеге этнограф Сұлтан Тілектің орамал  және кимешек коллекциясы, кимешек тігуден шеберлік сабақ,  он саусағынан өнер тамған кестеші Гүлнәр Әбіштің «Алланың үйі жүрегімде» атты кесте көрмесі, қолөнер шеберінің халықаралық, республикалық конкурстардың лауреаты  Анар Нарботаның киізден әртүрлі ұлттық бұйымдар жасаудан шеберлік сабақпен қатар қазақ қыздарының ұлттық киімсән көрмесі өтті. Көрмеге «Анаға құрмет» музейінің  Жетісу облысының дәстүрлі кимешектері, тарихи орамалдар коллекциясы, Орта Азия елдері қыздарының бас киімдерінің коллекциясы, «Шолпының сыңғыры» атты көрмеде шолпы,  тұмар, білезік топтамасы  (бұрама білезік, жұмыр білезік, зерлі білезік, топсалы білезік) Жүзіктер топтамасы қойылды. Шара барысында қатысушыларға мерекелік күй сыйлау мақсатында Сүйінбай атындағы филармония әншісі Бақытгүл Әбенова және Қарасай аудандық «Үшқоңыр» ансамблінің әншісі Баймұхамед Мұқатайдың орындауында аналарға арналған ән шырқалды.

Шараға Алматы облыстық Мәдениет, архивтер және құжаттар басқарма басшысының орынбасары Жақыпбекова Әлия Әлімжанқызы, Талдықорған қаласының зиялы қауым өкілдері, қолөнер шеберлері мен Талдықорған қаласындағы өнерлі жастар қатысты.

Анаға құрмет қызметкері Айбек Иманқұлов

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Жүрек төрт рет тоқтаған: Алматы облысының дәрігерлері жаңа босанған ананың өмірін аман алып қалды

Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасына Райымбек ауданында жағдайы нашарлаған жаңа босанған әйел туралы шұғыл хабарлама келіп түсті. АККА дәрігерлері мен...