Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

10 C
Nur-Sultan
18 C
Almaty
18.3 C
Shymkent

Басты талап – ескі әдеттен арылып, халықпен бірлесу болды

Танымал

Ел аузында

«Текелі қаласының даму мүмкіндігі мол. Бірақ жергілікті билік сол мүмкіндіктерді дұрыс пайдалана алмауда. Ал  қала әкімі  жиынға қарапайым халықты шақырмай, мемлекеттік қызметкерлерді жинап алған» деп ащы шындықты ашқан Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев осы қалаға бір айдан кейін қайтадан келіп, бүгін берілетін тапсырмаларының орындалуын тексеретінін айтты – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.  

Облыс әкімі Текелі қаласына арнайы келген  сапарын  «Суфле Қазақстан» ашытқы зауытының жұмысымен танысудан бастады. Жалпы, бұл зауыт 1991 жылдан бері жұмыс істейді. Жылына 80 мың тонна ашытқы өндіруге әлеуетті. 2021 жылы 75 695 тонна өнім өндіріп, оның 18 мың тоннасын экспортқа шығарған.Қажетті шикізаттың алыстан тасымалданатынын естіп

– Осы облыстағы диқандармен бірлесіп жұмыс істесеңіздер сіздер де шикізаттан тарықпайсыздар, фермерлер де өсірген арпасын өткізетін жер іздемейді. Екі жаққа да тиімді. Осы жұмысты қала әкімдігімен бірлесіп жолға қою керек, – деді Қанат Бозымбаев.Облыс әкімі назар аударған мәселені дұрыс шешуге «Суфле Қазақстан» ашытқы зауытының басшылары уәде берді.

 Облыс әкімі арнайы барған тағы бір нысан – қаланы жылу мен электр қуатымен қамтамасыз етуші «Текелі энерго кешен» іргелі кәсіпорыны. Өткен жылы мұнда сағатына 183 600 118. кВт электр, 137 952,4 Гкал жылу өндірілген. Қалаға жылу мен жарық беріп отырған кешенді газға қосу қаншалықты тиімді екені сарапталып, қарастырылатын болды.Осы кәсіпорынның серіктесі ретінде алдағы мамыр айында құрыш өндіретін жаңа зауыт іске қосылмақ. «Электромарганец» ЖШС қолға алып отырған бұл жобаға шамамен 23 млрд. теңге инвестиция тартылады. Кәсіпорын жылына 120 мың тонна өнім өндіретін қуаттылыққа ие. Облыс әкімі жаңа жобаның аяқ алысымен танысып, бастамаға сәттілік тіледі.

Қаладағы № 3 орта мектеп 1956 жылы тұрғызылған. Аумағы 1,8 мың шаршы метрлік білім мекемесіне 1991 жылы қосымша ғимарат салыныпты.Нысанның жағдайымен танысқан Қанат Бозымбаев тиісті сала басшыларына мектептің күрделі жөндеу жұмыстарын сапалы жүргізуді тапсырды.

Текелі қаласында  апатты деп танылған  үйлердің тұрғындарына  осы қалада сатылатын пәтерлерден баспана алып беріледі. Ал сүрілген үйлердің орнына көп қабатты типтік үлгідегі тұрғын үйлер салу керек. Шамамен екі жылдың ішінде апатты үйлердің мәселесі толық шешіледі», – деді облыс әкімі.

Сапар жоспарындағы қорытынды жиынға келген Қанат Бозымбаев залда отырғандардан «араларыңызда қарапайым тұрғындар бар ма?» деп сұрағанда ешкім қол көтермеді.

– Қала тұрғындарын неге шақырмайсыздар? Бүгін мен мемлекеттік қызметкерлерге әңгіме айтайын деп келген жоқпын. Осындай жерде халық өз мәселелерін ортаға салып, сұрақтарын қоюы керек еді. Ескі әдеттен арылыңыздар, елден қашпаңыздар. Жаңа Қазақстан мүддесіне сай қызмет атқарыңыздар, – деп Қанат Бозымбаев қала әкімі Батыр Молдахметовке ескерту жасады.

Тағы бір баса айтатын мәселе әлеуметтік желілерде көтерілетін  Текелі қаласындағы қоғамдық көліктің жүрісі, қала көшелерінің сапасыздығы, көшедегі электр жарығының жоқтығы, балалар үйірмесі, азық-түлік бағасы, базардағы тазалық, қаңғыбас иттердің көбейіп кеткені, қоқыс жинау жұмыстары, денсаулық саласы, адам өлімінің көптігі, қала экологиясы жайындағы проблемаларды  Батыр Молдахметовтің қалай шешіп жатқанын облыс әкімі сұрады.

Жиында радиоактивті қалдықтар жинақталған жерді қалпына келтіріп, құнарлылығын арттыру, қалалық мәдениет үйін күрделі жөндеу, Ескелді ауданымен шекарадағы карьердің экологиялық талапқа сай болуы және басқа да мәселелер көтеріліп, шешімі талқыланды.

– Текелінің моноқала ретінде әлеуетін айқындап, талдау жасау керек. «Туристік қала ретінде дамытсақ» деген жалпылама сөз. Тау шаңғы курортына, салынатын нысанға, жүргізілетін инфрақұрылымға, келетін инвесторға ұсынатын нақты жоспар керек. Миллиардтаған ақшаға скважина қазамыз дейсіздер, егер өздеріңіз айтқандай су қоры жеткілікті болса, судың сапасын жақсарту үшін мүмкін су тазартқыш құрал алған тиімді шығар. Бюджет қаржысын орынсыз ысырап етпей, қайсысы дұрыс, сол жағын облыстағы мамандармен бірлесіп сараптаңыздар.Орталық алаңды абаттандырумен ғана айналыспай қаланың шеткі аймақтарына назар аудару керек. Текеліде өнеркәсіп пен инфрақұрылымдарды дамыту, қаланың туристік әлеуетін арттыру, жаңа жұмыс орындарын ашу арқылы халықтың әл-ауқатын көтеру керек. Облыста тау туризмі мен жағажай туризмін дамытудың мастер-жоспары әзірленіп жатыр. Соған Текеліні де енгізейік. Ол осы саланы дамытуда басшылыққа алатын құжат болады, – деп  Қанат Бозымбаев жиынды қорытындылады.

 Өз тілшіміз.

Алматы облысы.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Илийском районе специалисты высокого класса провели прием населения

В Илийской центральной районной больнице, по инициативе руководителя управления здравоохранения Алматинской области Алмата Тұрысбекұлы, организован прием для населения опытными...