Монополияға қарсы департамент «ҚазАзотқа» қатысты тергеуді бастады

Танымал

Ел аузында

Аммиак селитрасын өндіруші «ҚазАзот» АҚ-ға қатысты тергеу басталды. Бұл туралы Маңғыстау облысының монополияға қарсы департаменті мәлімдеді, – деп хабарлайды Lada.kz

Монополияға қарсы органдар өндірілген тауарлар бағасының өсуі салдарынан ауылшаруашылық тауар өндірушілері тыңайтқыш сатып алудан бас тартуға мәжбүр болғанын анықтады.

«Тергеу монополиялық жағдайды теріс пайдалану дерегі бойынша (ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 174-бабы), оның ішінде, өндірілетін тауарға монополиялық жоғары бағаны белгілеу бойынша жүргізіліп жатыр. Тергеу нысаны ірі кәсіпкерлік санатына жатады. Монополияға қарсы заңнаманың бұзылғаны расталған жағдайда монополиялық табыс табыстан бес пайыз мөлшерінде айыппұл салумен тәркіленеді», – деді ведомство өкілдері.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Орталық Азия аймағының интеграциясыз ынтымақтастық үлгісі

Орталық Азия 1991 жылы тәуелсіздік алғаннан бері өңірлік шоғырланудың ең серпінді кезеңін бастан кешірді. 2018-2025 жылдар аралығында мемлекет басшыларының...