Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

18 C
Nur-Sultan
25 C
Almaty
30.3 C
Shymkent

Президент мерзімді әскери қызметке шақыру туралы жарлыққа қол қойды

Танымал

Ел аузында

Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2022 жылдың наурыз-маусымында және қыркүйек-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы жарлыққа қол қойды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 

Құжатта жергілікті атқарушы органдар тиісті жергілікті әскери басқару органдары арқылы 2022 жылдың наурыз-маусымында және қыркүйек-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізуді ұйымдастырсын және қамтамасыз етуі керегі айтылған. РЕКЛАМАsmall.kzПерейтиРЕКЛАМА

Сонымен қатар, Үкімет, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Мемлекеттік күзет қызметі мерзімді әскери қызметті өткеру үшін Қарулы Күштеріне, Ішкі істер министрлігіне, Төтенше жағдайлар министрлігіне, Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, Мемлекеттік күзет қызметіне әскерге шақырылған ҚР азаматтарын жөнелтуді және мерзімді әскери қызметтің белгіленген мерзімдерін өткерген әскери қызметшілерді шығаруды қаржылай және материалдық қамтамасыз етуді ұйымдастыруы қажет. 

Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Верховный Суд подвел итоги работы судов республики за 1 полугодие 2025 года

Председатель ВС Асламбек Мергалиев провел расширенное совещание высшего судебного органа. В нем приняли участие помощник Президента по правовым вопросам...