«Коронавирустан 3 адам қайтыс болды» – министрлік

Танымал

Ел аузында

Жалпы, 2020 жылдың 1 тамызынан биылғы 7 наурызға дейін пневмонияны 88 326 адам жұқтырған.

Қазақстанда коронавирустан 3 адам қайтыс болды, коронавирус пневмониясынан өлім-жітім тіркелмеді. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінен мәлім етті.

Ведомство ақпаратына сәйкес, 7 наурыздағы ахуал бойынша, ел өңірлерінде коронавирус белгілері бар пневмонияның тіркелген жағдайлары – 1, қайтыс болды – 0, жазылып шықты – 19 адам . Жалпы, 2020 жылдың 1 тамызынан биылғы 7 наурызға дейін пневмонияны 88 326 адам жұқтырды, ал жазылып шыққандардың саны – 81927.

Бұдан бөлек, 7 наурызда коронавирус инфекциясынан 3 адам көз жұмған. 2020 жылдың 13 наурызынан биылғы 8 наурызға дейін қауіпті індет 1 304 012 адамнан анықталды, жазылды – 1 277 680 адам. Қайтыс болды – 13 635 науқас.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Кинопоиск қазақстандықтардың ең танымал онлайн-кинотеатрына айналды

Онлайн-кинотеатрға жазылған қазақстандық қала тұрғындарының әрбір екіншісі Кинопоиск қызметін таңдайды. K Research Central Asia* тәуелсіз зерттеуінің дерегіне сәйкес, сервисті онлайн-кинотеатрларға жазылған...