Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

1 C
Nur-Sultan
2 C
Almaty
3.3 C
Shymkent

Қазақстан Украинаға қандай гуманитарлық көмек көрсетеді?

Танымал

Ел аузында

Премьер-министрдің баспасөз қызметі өкілдері Қазақстан Украинаға қандай гуманитарлық көмек көрсететінін айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство гуманитарлық қызмет Қазақстанның сыртқы саяси стратегиясының маңызды бағыты екенін атап өтті. Біздің еліміз әртүрлі жағдайларға байланысты халқы қиын гуманитарлық жағдайға тап болған елдерге мүмкіндігінше қолдау көрсетуге тырысады.

Қазақстан дәстүрлі түрде басқа мемлекет тарапынан ресми үндеуге жауап ретінде гуманитарлық көмек көрсетеді. Украина тарапынан осындай өтініш түскен соң Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Украина халқына шұғыл гуманитарлық көмек көрсету жөнінде нақты тапсырма берді.

«Үкімет жанындағы халықаралық гуманитарлық көмек көрсету жөніндегі комиссия Украинаға жалпы құны 2 251 445 доллар болатын 25 дәрі-дәрмек түрінен партия бөлу туралы шешім қабылдады. Гуманитарлық көмектің салмағы – 82 тонна. Бүгінде бұл жүкті межелі жерге жеткізу мәселесі пысықталып жатыр», – делінген жауапта.

Сонымен қатар, Үкімет басшысының баспасөз қызметі бүгінде Украина аумағына жүктерді жеткізу қауіпсіздік жағынан қиын екенін айтты.

«Осыған байланысты Қазақстан Үкіметі Украинаға халықаралық гуманитарлық көмек алу және тарату үшін хабтар орналастырылған көрші мемлекеттермен келіседі», – делінген хабарламада.

Еске салайық, 7 наурызда Тоқаев Германия Президенті Франк-Вальтер Штайнмайермен телефон арқылы сөйлескен болатын. Әңгіме барысында президенттер Украинадағы ахуал жөнінде жан-жақты пікір алмасты. Телефон арқылы болған әңгіме барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Украина халқына дәрі-дәрмек және басқа да қажетті азық-түлік жағынан гуманитарлық көмек көрсетуге дайын екенін жеткізген еді. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

«Жұмысқа орналастырып беремін» деп екі танысын алдаған әйелдің үстінен іс қозғалды

Түркістан қалалық полиция басқармасының қызметкерлері алаяқтық қылмысын жасаған әйелді анықтады.Күдікке ілінген әйел екі бірдей танысына мамандықтары бойынша мектепке жұмысқа...