Владимир Зеленский Украина тұрғындарына қару қолдануға рұқсат беретін заңға қол қойды

Танымал

Ел аузында

Украина президенті Владимир Зеленский Украинаның барлық тұрғынына әскери жағдай кезінде қару қолдануға рұқсат беретін заңға қол қойды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әңгіме аңшылық, спорттық және наградаға алған қарулар туралы екені айтылды. Бейбіт тұрғындар «Украинаға қарсы қарулы агрессия көрсеткендерге» қарсы қару қолданғаны үшін жауапқа тартылмайтыны нақтыланған.

«Соғыс жағдайы кезінде Украина азаматтары наградаға алған қаруын, спорттық қаруын (тапаншалар, револьверлер, винтовкалар, тегіс ұңғылы мылтықтар), аңшы мылтықтары, тегіс ұңғылы немесе құрамалы қаруын, сондай-ақ оған арналған оқ-дәрілерді пайдалана отырып,  қорғана алады», – делінген Жоғарғы Рада сайтында жарияланған құжатта.

Заң күшіне енген және әскери кезеңде қолданылады.

Айта кетейік, Украинада осы заң шыққанға дейін халыққа әскери қару беру туралы шешім қабылданған болатын. Бұл Украина билігі бақылауындағы қала көшелерінде озбырлық толқынын тудырған.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Қайрат Закирьянов «Кемел Тоқаев» орденімен марапатталды

2026 жылғы 20 наурызда Алматы қаласында орналасқан Қазақ спорт және туризм академиясы базасында маңызды оқиға өтті. Академия президенті, профессор...