«ӨКМ Операторы» ЖШС бұрынғы бас директорына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды деп хабарлайды Ulysmedia.kz ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің мәлімдемесіне сүйеніп.’
«ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі «ӨКМ Операторы» ЖШС бұрынғы бас директорына қатысты 2016-2021 жылдар аралығында көлік құралдарын кәдеге жаратудың жоғары құнын белгілеу арқылы кәсіпорынның 20 млрд теңгеден астам сомадағы ақшалай қаражатын жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады», – дейді парақорлармен күресуге құзырлы мекеме өкілдері.
Осылайша «ӨКМ Операторы» ЖШС бұрынғы бас директоры соттың санкциясымен қамауға алынып отыр. Сонымен қатар, бұған дейін сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдікпен экология вице-министрі және «ӨКМ Операторы» ЖШС басқарма төрағасы ұсталғанвн еске саламыз.