Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

21 C
Nur-Sultan
26 C
Almaty
31.3 C
Shymkent

Мемлекет басшысы «QazaqGaz» ҰК» АҚ Басқарма төрағасын қабылдады

Танымал

Ел аузында

Санжар Жаркешов газ саласын дамытудың кешенді жоспарының әзірленуі жөнінде баяндады.

Мемлекет басшысы «QazaqGaz» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Санжар Жаркешовті қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа ұлттық газ компаниясының қазіргі жұмысы туралы және ішкі нарықты тауарлы газбен қамтамасыз етуге басымдық беру жөніндегі тапсырмасының орындалу барысы баяндалды.

Санжар Жаркешов газ саласын дамытудың кешенді жоспарының әзірленуі жөнінде баяндады. Аталған жоспар ресурстық базаны кеңейтуді және еліміздегі газ тасымалдау инфрақұрылымын жаңғыртуды көздейді. Мемлекет басшысына сатып алу жүйесінің ашықтық деңгейін арттыру жөнінде берген тапсырмаларының орындалу барысы, сондай-ақ ұлттық компанияның кадр саясатындағы өзгерістер жөнінде ақпарат берілді.

Кездесуде құбылмалы геосаяси жағдайға байланысты туындайтын сын-қатерлерді еңсеруге бағытталған дағдарысқа қарсы шаралар талқыланды. Кездесу қорытындысы бойынша Президент ұсынылған шешімдерді қолдап, толық аудит ұйымдастыру және компания қызметіндегі транспаренттілікті қамтамасыз ету жөнінде бірқатар тапсырма берді.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Раушан ШӘМІЛ, ҚР ҰЛТТЫҚ  ТУРИЗМ  ИНДУСТРИЯСЫ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ:  НАРЫҚТА ОТАНДЫҚ ТУРОПЕРАТОРЛАРДЫ ҚОРҒАУ ӨТЕ НАШАР

 – Раушан  Шәмілқызы, соңғы кезде  қытайлық туристердің  Қазақстанға, оның ішінде Жаркентке деген қызығушылығы күрт өскені байқалады. Бұл неге байланысты? – Оның негізгі екі себебі...